Семей.14.11.” Semeyainasy” – Қала басшысы Бақытжан Байахметов Шығыс кентіндегі 1200 орындық мектеп пен 320 орындық балабақша қазандығының құрылысымен танысты. Қазандықтың құрылысы осы жылдың екінші тоқсанында басталды. Қазіргі уақытта жұмыстар аяқталуға жақын. Аумақты абаттандыру жұмыстары ғана қалды. Көмірдегі блокты-модульді қазандық әрқайсысының жылу өндіру қуаты 1,5 Гкал болатын екі қазандықтан тұрады. Олардың біреуі резервтік болады деп жоспарлануда.

–Қазандықтың құрылысынан басқа, қазір мектеп жанында су құбырлары мен инженерлік желілерді тарту жұмыстары жүргізілуде. Қазандыққа, балабақшаға және мектепке қосымша үш құдық орнатылып, ұзындығы 166 метр жылу трассасы салынды. Бұл жұмыстар да аяқталуға жақын, – дейді Бақытжан Байахметов.

Жұмыстар кестеге сәйкес жүргізілуде. Сондай-ақ, осы жұмыстарды электрмен жабдықтау желілерімен қамтамасыз ету бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Айя Канатова

 629 всего,  12 

от Redaktor

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *