Семей.11.11.”Semeyainasy” – Семейде Тұратай Иісқызының 90 жылдығына орай «Театр падишасы» кеші өтті.
Биыл Қазақстанға еңбек сіңірген әртіс, Қазақстанның халық әртісі Тұратай Иісқызының туғанына 90 жыл. Осы мерейтойға орай Семей қаласының облыстық тарихи-өлкетану музейінде «Театр падишасы» атты кеші өтті.
Тұратай Иісқызы 1931 жылы 15 қазанда Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Қарақастек қазіргі Сүйінбай ауылында дүниеге келген. 1949 жылы Қарақастек ауылындағы 7-жылдық мектепті бітірді. 1949 жылы Алматы қаласындағы Н.В. Гоголь атындағы қазақтың сахна және сурет өнерлері училищесінің сахна өнері мамандығына түсіп 1953 жылы бітіріп шықты. 1953-1955 жылдары М. Әуезов атындағы Академиялық театрға актриса болып қабылданды. 1956 жылы Семейдің Абай атындағы драма театрының директоры, Қазақ ССР-не еңбек сіңірген өнер қайраткері Семенов Леонид Федоровичтің арнайы шақыруымен Семей қаласына келеді. Өмірінің ақырғы күніне дейін оның шығармашылық тағдыры Абай атындағы қазақ музыкалық драма театрымен байланыста болды.
Семей театрының сахнасында өткен 40 жылға жуық шығармашылық қызметінде Тұратай Иісқызы қазақ және әлемдік классикадан талай-талай кесек бейнелерді сомдап шығарды.
Т. Иісқызының театр өнерін дамытуға сіңірген еңбегі үкімет наградаларымен аталып өткен. Ол 1964 жылы «Республиканың еңбек сіңірген әртісі», ал 1991 жылы «Қазақстанның халық әртісі» атақтарын алды.
Semeyainasy.media
788 всего, 3