Семей.11.11.”Semeyainasy” – «Семей қаласының көшесін жарықтандыруды жаңғырту» жобасы аясында қалада 136 көшеге 7 659 шам орнату немесе ауыстыру, 687 дана бағана, 2 602 дана кронштейн орнату, 130 шақырым кабелін жүргізу, 196 басқару шкафын орнату жоспарланған. Бұл туралы қала әкімі Бақытжан Байахметов айтып берді.

Сонымен қатар, жобаға қосымша 70 көшені Everlight өндірісінің 2000 шамдарын орнатумен, 673 бағананы орнатумен, сондай-ақ басқару шкафтарын орнатумен және 20 шақырым кабельдерді тартумен қосу туралы шешім қабылданды. «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы бойынша Бейбітшілік, Смычка, Затон және Мирный аудандарында жалпы ұзындығы 1,7 км болатын Ертіс өзенінің жағалауын нығайту жұмыстары жүргізілуде.

–Сонымен бірге, халықты таза ауыз сумен қамтуды арттыру мақсатында Шақаман және Абыралы ауылдарына жалпы ұзындығы 40,3 шақырым су құбыры желілерін салу, Суық бұлақ ауылында ұзындығы 24 шақырым су құбыры желілерін қайта жаңарту жұмыстары жүріп жатыр. Облыс әкімі қаланы дамытудың кешенді жоспары мемлекет басшысының жеке бақылауында екенін ерекше назар аударды, – деп өзінің Инстаграм-парақшасында қала әкімі Бақытжан Байахметов жазды.

Айя Канатова

 553 всего,  3 

от Redaktor

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *