Семей. 08.11. “Semeyainasy” – Шаһар басшысы Бақытжан Байахметов Мұхтар Әуезов атындағы педагогикалық колледжге барып, оқу орнының материалдық-техникалық базасымен танысты.
– Оқу орны 1903 жылы құрылған және қазіргі уақытта оның ғимараты сәулет ескерткіші болып табылады. Педагогикалық колледж – Мұхтар Әуезов пен Жүсіпбек Аймауытов, Алаш Орда қайраткерлері Құрманбай Мұздыбаев, Имам Әлімбеков және т.б. көптеген танымал тұлғалар оқыған тарихи оқу орны. Колледжде болашақта өз ісінің маманы болатын студенттерге сапалы білім беріледі. Қазір колледжде он мамандық бойынша 1300-ге жуық студент білім алуда. Болашақта балалар бастауыш сынып, қазақ, орыс және ағылшын тілдерінің мұғалімі болады. Сонымен қатар, колледж информатика, дене шынықтыру және өзін-өзі тану мұғалімдерін, балабақша тәрбиешілерін де дайындайды, – деді қала басшысы.

Мекемеде оқушылар үшін жақсы жағдайлар жасалған: аудиториялар компьютерлермен және қажетті техникамен жабдықталған. Сондай-ақ, оқытушылардың тәжірибесі де мол.

Semeyainasy.media

 655 всего,  12 

от Redaktor

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *