Семей. 27.09. “Semeyainasy” – Семейдегі РСУ және Ақсай кенттерінің тұрғындары тарапынан қала басшылығына жылдар бойы жалғасып келе жатқан мәселелерді шешу туралы ашық өтініш айтылды.
Семей әкімі Бақытжан Байахметов кенттердің тұрғындарымен кездесіп, бұл жерде ұзақ уақыт бойы жөндеу көрмеген жолдардың мәселесін атап өтті. Бұл мәселені шешу мақсатында жақын арада Мичурин көшесінен РСУ кентіне дейін асфальтты орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу басталады. Ақсай кентіне апаратын жолға келер болсақ, ол келесі жылы Аксаринский және Верхне-Березовский кенттеріне дейін жөнделеді.
–Аталған кенттердегі жол мәселесін шешу керек. Өйткені, қазіргі уақытта қоғамдық көліктер жол сапасының төмендігіне байланысты Ақсай кентіне бармайды. Ал қыста тіпті жолды қар басып қалады. Алайда, қоғамдық көліктер үшін жол сапасы сылтау болмауы керек. Сол себепті мен автобустардың Ақсай кентіне дейін жүру туралы тапсырма бердім, – дейді Байахметов.


Тағы бір ұзаққа созылған мәселе – «Бірқабатты Шығыс» бағдарламасына енген Ақсай кентін электр энергиясымен қамтамасыз ету. Жауапсыз мердігер мен дұрыс құрастырылмаған жобаның салдарынан осы жерде үй салып үлгерген тұрғындар зардап шегуде. Қала басшылығы электрмен жабдықтау ұйымының басшылығымен абоненттерді уақытша қосу туралы келісті, ал негізгі жоба биыл сараптамадан өтеді. Келесі жылы аталған мәселе түпкілікті шешіледі.
–РСУ және Ақсай кенттеріне менің орынбасарым Дархан Жөргекпаев жауапты болып бекітілді. Ол барлық проблемалық мәселелердің оң шешілуін қадағлайтын болады. Сонымен қатар, орынбасарыма келесі жылы шағын футбол алаңы мен балалар алаңын салуға қаржылық негіздеме дайындау тапсырылды, – деп мәлімдеді Бақытжан Байахметов.
Айя Канатова
«Сенің қалаң, сенің ережелерің» жобасы американдықтардың және
Америка Құрама Штаттарының Халықаралық даму агенттігінің (USAID) көмегі арқасында мүмкін болды және Интерньюстің көмегімен жүзеге асырылды. Сондай-ақ, MediaCAMP Орталық Азия бағдарламасы шеңберінде «Семей қалалық жас журналистер қауымдастығы» қоғамдық бірлестігімен USAID-тен қаржылық қолдауымен құрылды.
Мазмұнына ҚБ жауап береді, бұл міндетті түрде USAID немесе АҚШ үкіметінің немесе Интерньюстің позициясын білдірмейді. «Семей айнасы» ақпараттық агенттігінің негізін қалаушы ҚБ оның мазмұнына жауап беріп, бұл міндетті түрде USAID немесе АҚШ үкіметінің немесе Интерньюстің позициясын білдірмейді.

 3,989 всего,  3 

от Redaktor

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *