Семей.08.09.”Semeyainasy” – Ұшақтар мен Комсомол аудандарында электрмен жабдықтау мәселесі он жылдан астам уақыт бойы тұрғындарды алаңдатып келеді. Жүргізілген құрылыс-монтаж жұмыстарынан кейін мәселе оң шешілгендей болған. Алайда, сымдардың сапасыз төселуіне байланысты олар жиі үзіліп, тұрғындарға қолайсыздық туғыза бастады. Қосалқы желілердің болмауы да жағдайды ушықтырды. Тұрғындар бұл мәселеге қалалық басшылыққа да, әлеуметтік желілерге де бірнеше рет шағымданды, бірақ ол ұзақ уақыт бойы шешілген жоқ.
Енді бұл мәселені қосалқы кабельдерді жедел түрде салған «ОЭСК» АҚ қызметкерлері шешті. Енді тұрғындарға электр энергиясын үздіксіз беру мәселесі шешілді. «ОЭСК» АҚ қызметкерлеріне тіпті Семей қаласының әкімі де өз алғысын білдірді.
–Жерлестеріміздің және жеке өзімнің атымнан қала шетіндегі маңызды мәселелерді шешуге қолдау жасап, көмек көрсеткен энергетиктерге үлкен алғысымды білдіргім келеді, – дейді Бақытжан Байахметов.
Айя Канатова
«Сенің қалаң, сенің ережелерің» жобасы американдықтардың және
Америка Құрама Штаттарының Халықаралық даму агенттігінің (USAID) көмегі арқасында мүмкін болды және Интерньюстің көмегімен жүзеге асырылды. Сондай-ақ, MediaCAMP Орталық Азия бағдарламасы шеңберінде «Семей қалалық жас журналистер қауымдастығы» қоғамдық бірлестігімен USAID-тен қаржылық қолдауымен құрылды.
Мазмұнына ҚБ жауап береді, бұл міндетті түрде USAID немесе АҚШ үкіметінің немесе Интерньюстің позициясын білдірмейді. «Семей айнасы» ақпараттық агенттігінің негізін қалаушы ҚБ оның мазмұнына жауап беріп, бұл міндетті түрде USAID немесе АҚШ үкіметінің немесе Интерньюстің позициясын білдірмейді.
1,718 всего, 12