Семей.30.08.”Semeyainasy” – Қала маңындағы тұрғындар әлеуметтік желілер арқылы проблемаларға үнемі шағымдануда. Және себепсіз емес. Өйткені, проблемалар шынымен де өте көп. Жақында қала әкімі Бақытжан Байахметов қала тұрғындарымен кездесулерді жалғастырып, Юность кентіне барды.
Кент тұрғындары көтеретін негізгі мәселелер – аула ішіндегі жолдардың жағдайы, жарықтандыру мәселелері және балалардың спорттық және ойын алаңдарының болмауы.
– Өкінішке орай, жолдарды жөндеу бойынша жоспарда бұл аймақта асфальт төсеу әзірге қарастырылмаған, алайда тұрғындарға ыңғайлы болу үшін биыл біз уақытша құм мен қиыршық тас төсеу арқылы грейдерлеу жұмыстарын жүргіземіз. Ал келесі жылы осы жолдарда орташа жөндеу жұмыстарын жүргізуді қарастырамыз. Әсіресе, емханаға баратын жол абаттандыруды қажет етеді және біз бұл мәселені шешеміз, – деді әкім.
Сонымен қатар, жарықтандыру мәселелерін шешу үшін биылғы жылы кентішілік көшелерде босап қалған жарықтандыру тіректерін орнату басталады.
– Кентті абаттандыруға да назар аудару қажет, сондықтан тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөліміне және коммуналдық кәсіпорындарға негізгі көшелерді тазалауды, құрғақ ағаштар мен тротуарлардағы шөптерді кесу тапсырылды, – дейді қала әкімі.
Балалар мен спорт алаңдарын орнатуға келетін болсақ, Юность кентінде аталған жұмыстарды жүргізу келесі жылдың жоспарына қосылатын болады.
Халықпен кездесулер жалғасуда және олардың нәтижелері бойынша жүйелі шешімдер қабылданып, қажетті жұмыстардың кестесі жасалады.
Кездесу соңында қала басшысы Семейдің жылдар бойы қордаланған ескі проблемаларын тек тұрғындарымен бірлесіп шешуге болатынын айтты.
Айя Канатова
«Сенің қалаң, сенің ережелерің» жобасы американдықтардың және
Америка Құрама Штаттарының Халықаралық даму агенттігінің (USAID) көмегі арқасында мүмкін болды және Интерньюстің көмегімен жүзеге асырылды. Сондай-ақ, MediaCAMP Орталық Азия бағдарламасы шеңберінде «Семей қалалық жас журналистер қауымдастығы» қоғамдық бірлестігімен USAID-тен қаржылық қолдауымен құрылды.
Мазмұнына ҚБ жауап береді, бұл міндетті түрде USAID немесе АҚШ үкіметінің немесе Интерньюстің позициясын білдірмейді. «Семей айнасы» ақпараттық агенттігінің негізін қалаушы ҚБ оның мазмұнына жауап беріп, бұл міндетті түрде USAID немесе АҚШ үкіметінің немесе Интерньюстің позициясын білдірмейді.
1,786 всего, 3