Семей. 09.07. “Semeyainasy” – Сенатор сапар аясында ауылдық округтердің әкімдерімен кездесіп, ауылдардың негізгі мәселелері көтерілді.  Кездесу барысында сенатор  елдегі ауыл шаруашылығы мәдениетін дамытудың маңыздылығын атап өтті.

Дүйсенғазы Мусин Абай музейінің жұмысымен де танысты. Мұражай директоры  жаңартылған экспозициялық залдар бойынша экскурсия жүргізді. Өткен жылы мұражай аумағы қайта жаңартылды. Ең бастысы  ұлы ойшылдың ұлдарымен қатар мүсінделген ескерткіш көзге оттай басылатыны сөзсіз.

Келесі сапар Жоламандағы сауда-логистикалық орталыққа бағытталды. Мұнда бірыңғай тауар өткізу жүйесінің құрылысы 2019 жылы басталған болатын. Қазір мұнда бір реттік сақтау қоймасы салынды.  Ішкі әрлеу жұмыстары жүргізілуде. Алдағы уақытта мұнда алты мың тонна әлеуметтік өнім сақталатын болады. Нысанды күзде тапсыру күтілуде.

Сенатор дайын өнімді шет елдерге одан әрі экспорттау үшін күнбағыс майы мен жоғары протеин түйіршікті шрот өндірісіне маманданған “QAZAQ-ASTYQ GROUP” ЖШС-де болды.

Салынып жатқан май экстракциялық зауытының дайын өнімінің 90% – дан астамын сыртқы нарықтарға жеткізу жоспарлануда. Қазіргі уақытта әлеуетті серіктестермен Қытайға, Өзбекстанға және Еуроодақ елдеріне қазақстандық өсімдік майын жеткізуге келісімшарт жасасу бойынша келіссөздер жүргізілуде. Сондай-ақ, рафинадтау және дезодорациялау цехын, үлкен тәжірибелік әлеуеті бар тазартылған май құю цехын пайдалануға беру жоспарда бар. Май экстракциялық зауыт салу және іске қосу бойынша “QAZAQ-ASTYQ GROUP” ЖШС жобасының жалпы құны 12,5 млрд теңгені құрады.

– Жалпы, біз өңірде бірнеше күн болдық. Белсенді жұмыс жүргізіліп жатқаны байқалады. Біздің Семейге сапарымыз Абай мұражайынан басталды. Онда ауқымды жөндеу жұмыстары жүргізіліпті. Бұл мұражай Семейге келген туристер мол мағлұмат ала алатын  ерекше нысан. Сондай – ақ, қалада май экстракциялық зауыт салынуда. Бүгінгі таңда агроөнеркәсіптік саладағы өзекті проблемалардың бірі бағаны тұрақтандыру және ішкі нарықты отандық өніммен толықтыру болып табылады. Жұмыс сапары бапсында Семей қаласының әкімімен Жоламан кентінде орналасқан “Zholaman” сауда-логистикалық орталығын аралап көрдік. Ондағы жұмыс аяқталуға жақын. Бұл екі кәсіпорын жергілікті өнім мен бағаны тұрақтандыру мәселесін шешуге көмектеседі, – дейді Дүйсенғазы Мусин.

Сапар соңында Парламент Сенатының депутаты өңір дамуының оң қарқынын атап өтіп, қала тұрғындарын ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойымен құттықтады.

 Семей қаласының  ақпараттық орталығы

 

 1,577 всего,  9 

от Redaktor

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *