Фабрика форматовAV8I1767

Семей.13.08.”Semeyainasy” – Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов көпбалалы отбасыларды шағын несиелендіру бағыты бойынша атқарылып жатқан жұмыстарды тексерді.

Айта кетейік, облыстағы көпбалалы отбасыларды қолдау мақсатында қолға алынға бұл шара Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында жүзеге асырылуда. Бұл мақсатта атқарылып жатқан жұмыстарды жауапты мемлекеттік органдар мен кәсіпкерлер палатасы, сондай-ақ қаржы ұйымдары қадағалайтын болады.

Облыстық кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы басшысы Ержан Шурмановтың айтуынша, бүгінде жауапты сала мамандары көпбалалы отбасыларға барып, түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, жиын мен дөңгелек үстелдер өткізіп, көпбалалы аналарды кәсіпкерліктің қыр-сырымен таныстыруда.

– Ағымдағы жылдың 7 тамызына дейін облыс бойынша 157 кездесу мен дөңгелек үстелдер, сондай-ақ семинарлар ұйымдастырылды. Оған 2,7 мыңнан астам адам қатысты. Сонымен қатар жауапты сала мамандары 2362 көпбалалы отбасыға хабарласып, сауалнама жүргізді. Нәтижесінде 5 мыңнан астамның мемлекет тарапынан қолдау алып, кәсіпкерліктің қыр-сырын меңгеріп, грант алып, қаржы ұйымдарының көмегімен шағын несиел алып, сондай-ақ тегін сервистік қызмет алуға қабілеттері жететіні анықталды, – дейді Ержан Шурманов.

Жеке бизнесіңізді ашып, грант пен шағын несиелендіруге қол жеткізу үшін кәсіпкерлік негіздерін оқу керек. Ол үшін жұмыспен қамту орталықтарына барып, жауапты мамандардың көмегіне жүгіну қажет.

Ағымдағы жылы Кәсіпкерлікті дамыту палатасының «Бастау-Бизнес» жобасы аясында 1400 адам білім алған. Оның ішінде 125 көпбалалы отбасылардың мүшесі. Бұдан бөлек «Жас кәсіпкер» жобасы бойынша әлеуметтік жағынан аз қамтылған және көпбалалы отбасылардан шыққан 1300 адамды оқыту жоспарланған. Бүгінде «Жас кәсіпкер» жобасы аясында 24 шілдеден бастап 724 адам білім алуда. Оның ішінде 268-і көпбалалы отбасылардың мүшесі. Ал 15 тамыздан бастап аталмыш жоба бойынша 576 адам оқитын болады.

Айта кетейік, бүгінде Шығыс Қазақстан облысында 115 көпбалалы отбасының ұсынған жобалары мақұлданды.

 504 всего,  6 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *