5ee6879e-0f10-42b5-b9fa-0688cfea3a27
Семей.10.07.”Semeyainasy” – Семейде Шығыс Қазақстан облысының жазғы демалыс орындарына демалуға келген Арыс қаласының балаларын салтанатты қарсы алды.

Теміржол вокзалында Арыстан келген балаларға шашу шашылып, Семей қаласы әкімінің орынбасары Айдар Садырбаев өз тілегін білдірді.
e856d266-adf0-4a05-8baa-944ee974d97e
-Абай, Шәкәрім, Мұхтардай ұлылар туған қасиетті мекенге қош келдіңіздер! Бүгінде барша қазақ елі Арыспен бірге. Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Кенжетайұлы Ахметовтың тікелей тапсырмасы бойынша, Арыстан Шығыстың шырайлы жерлеріне 300 баланы қабылдау шешімі шыққан болатын. Міне, бүгін алғашқы топ келіп жатыр. Баршаңызға жақсы демалыс болсын. Күш-қуат жинап, оқуларыңызға тың дайындықпен барып, ата-атаналарыңызды қуантасыздар деген ойдамын, – деді А.Садырбаев.

Айта кетейік, Арыс қаласынан 10 шілде күні келген 150 бала 10 күн Өскемен қаласына қарасты «Горная Ульбинка», Катонқарағайдың «Арайлы Шығыс» және Семейдің «Қарағайлы» шипажайларында демалатын болады.
5999e55a-5059-4b05-8c5b-27428e2d5389

-Арыс қаласынан келген балалар «Қарағайлы» шипажайында демалып қана қоймай, сонымен қатар тұзды үңгір мен оттегі коктейлі сынды емдік-сауықтыру шараларын қабылдайды. Барлық балалар дәрігердің тікелей бақылауында болады. Балалар өлкені тану мақсатында Абай ауданындағы «Жидебай» жеріне барып, сонымен қатар қаланың көрікті орындарымен таныстыру жұмыстары жоспарланған, – деді Семей қаласының білім бөлімінің басшысы Наталия Фесенко.

Арыс қаласынан келген балаларды облыс аумағындағы лагерлерде ұмытылмас демалыс күтіп тұр. Бағдарламаға сәйкес, балалардың жазғы демалыстарын жоғары деңгейде өткізулері үшін ұйымдастырушылар мен тәрбиешілер табиғат аясында саяхаттау, таза ауада демалумен қатар, мерекелік концерттерімен қуантпақ.

Сондай-ақ, ағымдағы жылдың шілде айының 15-25 аралығында Арыстан 70 бала келеді деп күтілуде. Оның ішінде 20 бала Риддер қаласының «Синегорье» лагеріне жіберілсе, ал 50 бала Глубокое ауданының «Толағай» жазғы лагеріне жолдама алмақ. Ал, үшінші лек шілде айының 28 мен тамыз айының 7 аралығына жоспарланған. 80 баланың 30 Алакөл маңына жақын «Үржарайым» лагерінде демалса, ал қалған 50 бала Төменгі Тайынты ауылының «Болашақ» лагеріне жіберілетін болады.

 419 всего,  3 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *