FdLIVsq9keo

Семей.04.07.”Semeyainasy” – Жақында Жиенәлі және Достық ауылдық округтері әкімдерінің қатысуымен баспасөз конференциясы өтті. Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев ауылдың тұрмысын арттыру мақсатында мемлекеттік және салалық бағдарламаларда көзделген, елімізде жүргізіліп отырған ішкі және сыртқы саясаттың негізгі бағыттарын жүзеге асыруды тапсырған еді. Осы орайда, екі ауылдық округтің әкімдері былтырғы жылды қорытындылай отырып, қазіргі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштердің деңгейі туралы ақпарат берді.

– Жиенәлі ауылдық округі Семей қаласынан 50 шақырым жерде орналасқан. Округтің негізгі бағыты – мал шаруашылығы. 2018 жылы «Жарқын» және «Нұр» қожалықтары мемлекет тарапынан 21 млн. 700 мың субсидиясын алып, бүгінде мал шаруашылығын дамытып отыр. Ал, 2019 жылдың ауылшаруашылық өнеркәсібі кешенін дамытудың 2017-2022 жылдарға арнаған нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерліктің 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» бағдарламасы аясында Бөкенші ауылының тұрғыны Бейсембинов Мадияр «Бизнес бастау» бағдарламасымен жеке кәсіпкер ретінде тіркеліп, шағын несие алып мал шаруашылығын өркендетуге өз үлесін қосуда. Бүгінгі күні барлық әлеуметтік нысандар оның ішінде, Бөкенші ауылының дәрігерлік амбулаториясы, Маралды ауылының медициналық пункті, ауылдық клуб, ветеринарлық пункт жұмыс жасап, халық үшін қызмет көрсетуде. Сондай-ақ, ауылды абаттандыру, жарықтандыру, ауыз сумен қамтамасыз ету жұмыстары да қарқынды жүргізілуде,-деді Жиенәлі ауылдық округінің әкімі Гүлжан Аманжолқызы.

Достық ауылдық округі халқының да басты кәсібі – мал шаруашылығы. Қазіргі уақытта 13 шаруа қожалығында 640 бас ірі қара өсірілуде.

– Достық ауылдық округі қаладан 25 шақырым жерде орналасқан. Округ ауылшаруашылығына бағытталған мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде көзделген жұмыстарды атқарып келеді. Қазіргі уақытта ауылды сумен жабдықтау желісін салу және су мұнарасын қайта іске қосуға арналған жұмыстар жүргізіліп жатыр. Сонымен қатар, көшелерді жарықтандыру мәселесі де алдыңғы қатарда тұр,-деді Достық ауылдық округінің әкімі Нұркен Жарликенов.

Семей қаласының ақпараттық орталығы

 638 всего,  3 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *