Семей.20.06. “Semeyainasy” – Семей спорт академиясының қос шәкірті Венгриядан күміс медаль олжалады. Мажар елінің астанасы Будапешт қаласында кіші жасөспірімдер арасында өткен бүкіл әлемдік ойындарда еркін күрестен сынға түскен Дарын Әскербек ақтық сынға дейін алқынбай жетіп, тек финалда қарсыласына жол беріп, күміс медаль тақты. Грек – рим күресінен боз кілемге шыққан Хамит Оңдасынов та финалдық белдесуде қарсыласына ұтылып, күміспен күптелді.
Айта кетейік, аталған бәсі жоғары байрақты бәсекеге Семей спорт академиясынан қос шәкіртіміз аттанған еді. Міне, екеуі де үмітті ақтап, жүлделі орыннан көрініп отыр. Бұл ретте Семей спорт академиясының директоры Мерей Көшкінов бастаған бапкерлердің де еңбегін атап өту орынды.
Семей спорт академиясының баспасөз қызметі.
524 всего, 12