20190618_095756

Семей.19.06. “Semeyainasy” – Семейде 1700 түлек Ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысады. Бұл туралы Шәкәрім университетіндегі ҰБТ өткізу пунктінің басшысы Болатбек Көжебаев мәлімдеді.
Түлектер ҰБТ-ны санитарлық-гигиеналық нормаларға жауап беретін кең аудиториялар дайындалған екі университет базасында тапсырады.
Сонымен қатар, Б. Қожебаев биылғы жылы ҰБТ-ға өзгерістер мен жаңалықтар енгізілгенін атап өтті.

20190618_095951

“Негізгі жаңалық ҰБТ-ны 4 рет тапсыру мүмкіндігі. Осылайша, әрбір бала үшін жоғары оқу орнына түсу ықтималдығы артты. Сонымен қатар, егер түлек 50 баллды 4 рет ала алмаса, онда ол шартты түрде студенттер қатарына қабылданып, келесі жылы қаңтар айында ҰБТ-ны бесінші рет тапсыра алады. Сондықтан, орта оқу орнының негізгі шағын багажы бола отырып, ол жоғары оқу орнына түсе алады”, – деді Б. Көжебаев.

“Биылғы жылы гранттар білім беру бағдарламаларының топтарына бөлінеді. Егер өткен жылы түлек конкурсқа қатысуға өтініш толтырса, ол тек 4 мамандықты көрсеткен. Бұл 4 топты көрсетеді, әрбір топ бір немесе бірнеше мамандықтарды қамтиды. Бұл өте жақсы мүмкіндік”, – деді ҰБТ өткізу пунктінің жетекшісі.

20190618_095820

Б. Көжебаев ҰБТ тапсыру кезінде аудиторияларда ұялы байланыс сигналдарын сөндіргіштер мен бейнебақылау камералары жұмыс істейтінін атап өтті. Ата-аналар арнайы мониторы арқылы тестілеу барысын көре алады.

ҰБТ-да міндетті түрде жеке куәлікті, рұқсаттаманы, Менделеев және тұздардың ерігіштік кестесін, қаламды алып кіруге болады. Қалған құралдар тыйым салынған. Сұрақ кітапшасы жұмыс дәптері болып табылады-деді Б. Көжебаев.

Семей қаласының ақпараттық орталығы
Фото: Семей қаласының ақпараттық орталығы

 521 всего,  3 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *