5

Семей.17.06.”Semeyainasy” – Семей қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі өзінің 8 –ші түлектерін үлкен өмірге қанат қақтырды. Болашақ халықаралық мамандар қатарын толықтыратын 109 шәкіртіміздің  10 –ы «Алтын белгіге», 6 –ы «Үздік аттестатқа» ие болды.

Жалпы, 2018-2019 оқу жылы Зияткерлік мектеп үшін табысты болды деп айтуға толық негіз бар. Аймақтық, желілік білім бәйгелерін айтпағанның өзінде республикалық және халықаралық олимпиадалардың жүлдегерлері қатарында түлектеріміздің болуы мектеп абыройын асқақтата түсті. Атап айтқанда, Рүстем Шердебаев химия пәні бойынша халықаралық Менделеев олимпиадасында күміс медальға қол жеткізсе, физика пәнінен республикалық олимпиаданың қола жүлдегері Арғын Ерғалиев, республикалық ғылыми-тәжірибелік сайыстың жеңімпазы, алтын медаль иегері Аяжан Тоқтарғазы біздің мақтаулы оқушыларымыз.

– Аталған оқушылар мақтаныштарымыздың бір шоғыры ғана.  Биылғы түлектерміздің 30 астам Назарбаев университетінің студенті атана ма деген үмітіміз бар. Бұл былтырғы жылмен салыстырғанда  8 пайызға артық. Сыртқы жиынтық бағалауда түлектеріміз өте жақсы үлгерім көрсетті. Мәселен, 2017-2018 оқу жылымен салыстырар болсақ, оқу сапасы қазақ тілі мен физикадан  – 10, математикадан –  9, информатикадан – 14, химиядан – 4, қазіргі замандағы Қазақстан пәнінен – 5  пайызға өсіп отыр. Ең атап өтерлігі – Әлинұр Мұратов, Гүлшат Ерболатова, Ақниет Маратова, Ақерке Нұрмұхамбетова, Аяжан Тоқтарғазы, Айғаным Хамитханова, Әйгерім Дюсупова, Аружан Байзақ, Азиза Надирбекова, Малика Мұсатаева есімді ұл –қыздарымыз «Алтын медаль» иегері атанып, мектеп ұжымын ғана емес, ата-аналарын да қуантып отыр. Біз түлектеріміздің барлығына сәт-сапар тілеп, өмірден өз орындарын табарына сенімдіміз, -деді өз сөзінде мектеп директоры Бағдан Қайыржанов.

Түлектердің бітіру кеші әсем ән, әуезді бимен әрленіп, мектеп ішін нағыз думанға айналдырды. Салтанатты шараға білім ошағымыздың Қамқоршылар кеңесінің мүшесі Арафат Мамырбеков қатысып, ізгі тілегін арнады.

– Мен үшін ерекше күн. 12 жылдық білім беруді ойдағыдай аяқтап, ата-анамды қуантсам деген тілегім орындалды. Назарбаев Зияткерлік мектебі – мені жан-жақты, бәсекеге қабілетті, білімді жас етіп тәрбиеледі. Осы мектепте оқи жүріп, өзімді бүгінгі заман келбетіне сай тұлға болып қалыптасуымның алғашқы баспалдақтары қаланды деп толық сеніммен айта аламын. Дұрыс бағытта жол сілтей білген ұстаздарыма мәңгілік қарыздар екенімді айтып, жүрекжарды алғысымды жеткізгім келеді. Достарымның жолдары ашық болсын! Ел келешегі үшін жоғары білім алып, еңбек ете берейік, -дейді «Алтын белгі» иегері Гүлшат Ерболатова.

Түлектер кеші көңілді ойын-сауыққа ұласып, ақ таңды бірге қарсы алумен қорытындыланды.

Семей қаласындағы физика-математика бағытындағы

 Назарбаев Зияткерлік мектебінің баспасөз қызметі

 557 всего,  3 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *