20190523_150954

Семей.24.05.”Semeyainasy” – Қалалық “ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес орталығының” өкілдері баспасөз мәслихатында жыл сайын мамыр айының үшінші жексенбісінде ЖҚТБ-дан қайтыс болған адамдарды еске алу күні екенін атап өтті. Бұл шара жұртшылық назарын ЖҚТБ-мен ауыратын науқастар мәселесіне аударып, дерттің таралуының алдын-алу үшін жасалады.

-Осы күннің құрметіне 13 мамырдан 13 маусымға дейін айлық өткізіледі, – деді дәрігер-эпидемиолог Дина Сейілханова. – Біз тұрғындарды белсенді түрде қатысуға шақырамыз. Осы ай ішінде қалада түрлі акциялар, флешмобтар, дөңгелек үстелдер мен семинарлар ұйымдастырылатын болады.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау қауымдастығының статистикасына сәйкес, әлемде имуннодефицит вирусын (АИТВ) жұқтырған 42 миллионнан астам адам өмір сүреді.Күн сайын бұл көрсеткіш 14-15 мыңға көбейеді. Соңғы 25 жылда ЖҚТБ-дан 25 миллион адам көз жұмды. 2019 жылғы 30 сәуірдегі мәлімет бойынша елімізде 34203 адам ауруды жұқтырса, Семей қаласы бойынша 1997 жылдан бастап – 439 адам дертке шалдыққан.

– Бүгінгі таңда қала бойынша диспансерлік есепте тұрған адамдардың саны 265 адамды құрайды, – деді Д. Сейілханова. – Іс-шараның мақсаты-тұрғындардың назарын осы мәселеге аудару, сондай-ақ бүкіл халықтың, әсіресе жастар арасында инфекцияының алдын алу мәселелері бойынша хабардар болу деңгейін арттыру.

Орталық өкілдері емделудің ең тиімді тәсілі алдын-ала тексерілу екенін атап өтті. Инфекцияны ерте кезеңде анықтау аурумен күресуге оң әсерін тигізіп, қаупті факторларды азайтуға ықпал етеді.

Сонымен қатар баспасөз конференциясына “Ана үйі” ҚҚ, “Исток” балалар мен жастар шығармашылығы орталығы ” ҚБ және отбасы орталығының өкілдері қатысты.

Семей қаласының ақпараттық орталығы

 654 всего,  15 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *