IMG-20190521-WA0020

Семей.21.05.”Semeyainasy” – 21 мамыр ҚР Мәдениет қызметкерлерінің күніне орай  Қазақстанның халық жазушысы
Әзілхан Нұршайықовтың  атына көше беру рәсімі өтті.

– Бүгін қаламызда халық жазушысы Әзілхан Нұршайықов көшесі пайда болды, – деді қала әкімі Ермак Сәлімов. – Әз аға өзінің еңбектерімен бірнеше буынды тәрбиеледі. Ең танымал шығармаларының бірі «Махаббат қызық мол жылдар» романы халқымыздың
асыл қасиеттерін насихаттап, жастарға жарасымды өмір үлгісін ұсынды.Бүгінгі шара
батыр бабамызды ұлықтаудың жарқын көрінісі. Осы ігі бастаманы қолдап,көше атауын
беруге мұрындық болған жанашыр жерлестерге зор ризашылық білдіремін,- деді қала басшысы.

IMG-20190521-WA0021

Шара барысында Ә. Нұршайықовтың романынан көрініс көрсетіліп, көркем ұжымдар соғыс жылдарындағы әндерді орындады.

Қазақ әдебиетін жаңа деңгейге көтерген Ә. Нұршайықов  1922 жылы 15 желтоқсанда Шығыс Қазақстан облысы , Жарма ауданынында дүниеге келген
1941-1945 жылдары Қызыл әскер қатарында соғысқан. Соғыстан кейін  ҚазМУ-ды бітіріп,  “Пионер Казахстана “(қазіргі” Ұлан”), ” Социалистік Қазақстан “(қазіргі” Егемен Қазақстан”), ” Қызыл ту “, “Қазақ әдебиеті”газеттерінде жұмыс істеді.  Әзілхан Нұршайықовтың «Махаббат
қызық мол жылдар», «Ақиқат пен аңыз» сияқты  романдары қазақ әдебиетінің алтын
қорына енген.
IMG-20190521-WA0005
Сонымен қатар  актер, әнші, композитор Тұрсынғазы Рахимов көшесінің салтанатты ашылу рәсімі өтті. Іс-шараға жиналғандар даңқты жерлесіміздің  жастарды тәрбиелеу,  халық ән өнерінің мәдени мұрасын сақтау және дамыту ісіне баға жетпес үлес қосқанын айтты.
IMG-20190521-WA0006
Т. Рахимов 1951 жылы Аягөз қаласында дүниеге келген.  Еңбек жолын Иса Байзақов атындағы облыстық филармонияда вокалист ретінде бастап, кейіннен Әміре Қашаубаев атындағы облыстық филармонияда қызмет етті. Табиғат, жастық шақ, махаббат сырына арналған әндер топтастырылып «Сәби болғым келеді», «Нені аңсаймын» атты әндер жинағы жарық көрген.

Еске салайық, республикалық ономастикалық комиссия отырысының қорытындысы бойынша 2018 жылы 7 ұсыныс бойынша Комсомольская көшесін Жібек жолы, Кутузов көшесін Ардагерлер көшесіне, Колхозная көшесін Берел көшесіне, Социалистическая көшесін Самал көшесіне, Декабристов көшесін Нұрсая көшесіне, Строительная көшесін Тұрсынғазы Рахимов көшесіне және Крупская көшесін Әзілхан Нұршайықов көшесіне қайта атау туралы оң шешім қабылданған болатын.

Семей қаласының ақпараттық орталығы

 433 всего,  9 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *