Семей.08.05.”Semeyainasy” – Бүгін қала әкімі Ермак Сәлімов Ұлы Отан соғысының ардагерлерін үйлеріне барып құттықтады.
Раиса Денисова 1941 жылы әскер қатарына шақырылып, майдандағы ерлігі үшін «Қызыл Жұлдыз» орденімен марапатталды. Соғыстан кейін тігін фабрикасында қызмет жасап, зейнеткерлікке шыққан.
Сол кездегі елдің ауыр тағдырын еске алып, бүгінгі бейбіт өмірге шүкіршілік етеді.
-Әрқашан елімізде берекелі өмір болсын, соғыс болмасын. Ел іргесі аман, жеріміз бүтін болсын. Мемлекетімізде тыныштық болсын,- деп өз тілегін жеткізді Райса Денисова.
Бұдан кейін Кәмкетай Байыров және Ошақпай Сәкеновтың шаңырағында болған қала басшысы ардагерлердің тыныс-тіршіліктерімен танысты.
-Мемлекетіміздің әлеуметтік салаға назар аударып жатқаны қуантады,- дейді соғыс және еңбек ардагерлері.
Қала басшысы ардагерлерге 500 мың теңгенің сертификатын табыстап, құрмет көрсетті.
368 всего, 6