IMG-20190412-WA0024

Семей.13.04.”Semeyainasy”- М. Әуезов атындағы педагогикалық колледж қабырғасында жастар қоғамдық ұйымдары, жас белсенділер және еріктілердің қатысуымен   «Біз жарқын болашақ үшін   дауыс береміз » атты диалогтық пікірталас алаңы өтті.

Кездесу барысында белсенділер болашақ ұстаздармен бірге 9 маусымда өтетін кезектен тыс Президент сайлауын талқылады.

“Жас Отан “жастар қанатының жетекшісі Алмас Айтмұқаш сұхбат алаңына қатысушыларға дауыс беру, әрбір жастың азаматтық парызы екенін айтып, жастарды маңызы жоғары шарадан шет қалмауға шақырды.

№ 225 сайлау учаскісі коммисиясының хатшысы және педагог Сара Сырымқызы студенттерге дауыс беру рәсімі және кезектен тыс президенттік сайлауға дайындық жұмыстары жүргізіліп жатқанын айтты.

– Соңғы рет елімізде сайлау 2015 -2016 жылдары өтті, – деді С. Сырымқызы. – Ол кезде сіздер бірінші курс студенттері болып, сайлауға қатыспа алмадыңыздар . Қазір дауыс бере алатын жасқа толып отырсыздар . Мен Сіздердің барлықтарыңыз 9 маусымда келіп, өз кандидатыңызға дауыс береді деп сенемін.

– Мен сайлауға алғаш рет қатысамын, – деді педагогикалық колледждің 3-курс студенті Нұрлан Талғатұлы. – Қазақстанның болашағы біздің қолымызда. Сондықтан барлық құрдастарымды сайлау учаскелеріне келіп, өз таңдауын жасауға шақырамын.

Бір сағатқа созылған пікірталас қатысушылары бірқатар сайлау алды тақырыптарды талқылады. Атап айтқанда, студенттер сайлау учаскелерінің жұмыс режиміне және кандидаттарға қойылатын талаптарға қызығушылық танытты.

Семей қаласының ақпараттық орталығы

 345 всего,  12 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *