IMG-20190411-WA0007Семей.11.04.”Semeyainasy” – Қазақстан Республикасының көне классикалық және алғашқы жоғарғы оқу орындарының бірі болып табылатын Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің негізі қаланғанына 85 жыл. Осы уақыт аралығында университет Қазақстанның экономика, саясат, білім және ғылым, мәдениет сынды салаларын дамытуға зор үлесін қосып, кәсіби біліктілігі жоғары мамандарды  дайындайтын ұлы мекенге айналған. Мұхтар Әуезов, Қаныш Сәтпаев сынды отандық ғылымның көрнекті өкілдері дәріс оқыған білім ордасы.
Ал 2006 жылы университет еліміздің тарихында бірінші болып Қазақстан Республикасы Президентінің сапа саласындағы жетістіктері үшін марапатқа ие болды. Университеттің халықаралық байланыстары үнемі дамып, нығайып келеді. Жақын және алыс шет елдерде білім беру және ғылыми мекемелермен 100-ден аса келісімшарттар мен келісімдер жасалды, әртүрлі елдердегі 418 университеттермен серіктестік құрылды. Осының барлығы ЖОО-ның ғылыми өміріне әлемге әйгілі ғалымдардың қатысуына, ҚазҰУ студенттері мен оқытушыларының шетелдік университеттермен үнемі алмасуына ықпал етеді. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ – отандық ЖОО-ның рейтингісінде тұрақты көшбасшы. Университеттердің беделді «Таймс» рейтингісі бойынша 2009 жылы Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-і әлемнің 16000 үздік университеттердің 600-іне кірді.
Сонымен қатар ҚазҰУ – студенттердің қаласы. Ол еліміздің барлық өңірлерінен жастарды оқытып, тәрбиелейді. Қазіргі заман талаптарына сай, ыңғайлы, жалпы ауданы 81000 шаршы метрді құрайтын, 5 мыңнан астам студент тұратын 14 жатақханасы бар. Оқу, медициналық, заңдық, қаржылық және мәдени-ойын-сауық қызметтерін көрсететін «Керемет» орталығы бар.
Еліміздің сапалы білім ордасы қазіргі таңда 15 факультет пен 180-нен астам түрлі бағытта білім береді. Зерттеу және инновациялық қызметті жетілдіру үшін менеджмент және маркетинг кафедрасы шет елдердің жетекші ғылыми-зерттеу институттарымен тығыз байланыста. Білім беруді халықаралық интеграциялау және интернационализациялау мақсатында Страсбург (Франция), Amity (Индия), УРФУ (Ресей), UNIRAZAK (Малайзия) университеттерімен қос дипломдық және бірлескен оқу бағдарламалары жүзеге асады. Соның ішінде менеджмент және маркетинг кафедрасы : менеджмент, маркетинг, жергілікті жерді басқару, логистика мамандықтары бойынша білікті мамандарды даярлап шығаруда.Мамандықтардың арасындағы енді дамып келе жатқан, жас сала – логистикаға тоқталғым  келеді.
Логистика дегеніміз – жүк қозғалысын ұйымдастыруды жетілдіруге бағытталған экономика саласы. Ал логист дегеніміз – жүк қозғалысын ұйымдастыру барысындағы көлік түрін таңдау, маршрутын анықтау, шығындарды басқару және қойма ісін жүргізудегі мәселелерді шешетін маман. Қазіргі таңда логистика мамандығы ең сұранысқа ие алдыңғы қатардағы мамандық.
Қорыта келетін болсақ, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-і ғылыми, инновациялық және өндірістік әлеуетке ие, сапалы білім ордасы. 85 жылдық тарихы бар бұл университет әрдайым еліміздің ең беделді университеттерінің бірі болып қалмақ.

Райымбек Аманжолов

 1,040 всего,  9 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *