Семей.06.04.”Semeyainasy” – Ауа-райының қолайсыздығына қарамастан сенбілікке 15 мыңға жуық қала тұрғыны қатысты. Қала көшелерін тазартуға бюджеттік мекеме қызметкерлерінен бөлек, кәсіпорындармен жеке сектор тұрғындары да шықты . Сенбілікке 100-ден астам техника жұмылдырылып, қатты тұрмыстық қалдықтар полигонына 3 мың текше метрге жуық қоқыс шығарылды.
– Қала тұрғындары жасыл аймақты өткен жылғы қоқыстан тазалаумен айналысты. Сондай-ақ қураған ағаштарды тазалап, тротуарлардың тазалығын ретке келтірді, – деді қалалық ТКШ бөлімінде.
Бүгінгі тазалық жұмыстарынан жастар ұйымдары да шет қалмады. Экологиялық акция аясында қаланың белсенді жастары Павлодар тас жолы бойындағы аумақты қатты тұрмыстық қалдықтардан тазартты.
Қала тұрғындарын әлеуметтік маңызы бар қызметке тарту үшін қалада #СенбілікСелфи #СелфиСубботника хэштегі бойынша сенбіліктің үздік селфи байқауы жарияланған болатын . Ұйымдастырушылардың айтуынша, сайысқа барлық мекемелер, кәсіпорындар, сондай-ақ кез келген жастағы қала тұрғындарының ұйымдастырылған топтары қатыса алады. Сенбіліктегі ең ерекше және креативті суреттер әр апта сайын @akimat.semey парақшасында жарияланады.
Естеріңізге сала кетейік, Семейде тазалық айлары жүріп жатыр . Қала әкімі Ермак Сәлімов, тазалық жұмыстарына қаланың барлық тұрғындарын,мемлекеттік мекемелер,кәсіпорындар, дүкендер, мейрамханалар, шағын және орта бизнес өкілдерін қосылуға шақырды .
Семей қаласының ақпараттық орталығы
582 всего, 15