Семей.15.03.”Semeyainasy” -Семейде “Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі” қызметкерлері БАҚ өкілдеріне арналған баспасөз мәслихатын өткізді. Кездесу барысында Қарағайлы шағын ауданында “Нұрлы жер” бағдарламасы бойынша 8 тұрғын үй салынып , үш көпқабатты үй пайдалануға берілгені белгілі болды . Қалған нысандар биылғы жылдың наурыз және сәуір айларында іске қосылады.
– Алғашқы 153 пәтер пайдалануға беріліп, оның 75 – і іске асырылды, – деп нақтылады банк маманы Бауыржан Бекмағамбетов. – Біз 333 пәтерді сатамыз. Өтініш қабылдау ақпан айында басталды.
Мамандар тағы 5 көпқабатты үй пайдалануға берілмесе де , салымшылар өздері қалаған пәтерді брондай алатынын жеткізді.
– Банк клиенттеріне “Нұрлы жер” бағдарламасы бойынша пәтер алу үшін есепшотта тұрғын үй құнының 20 пайызы ғана болса жеткілікті, – деді клиенттермен жұмыс жасау бөлімінің маманы Алуа Төлеумухаметова. – Бұл ретте қарыз бойынша жылдық пайыздық мөлшерлеме 5%-ды құрайды. Несие бойынша ең төменгі төлем 32 566 теңгеге тең. Қарыз мерзімі 25 жыл. Банк салымшыларына арналған барлық тұрғын үйлер 1 шаршы метріне 140 000 теңгеден аспайтын бағада, таза әрлеуде беріледі.
Сонымен қатар, жаңа шағын ауданда “Өз үйім ” бағдарламасы аясында 72 пәтерлі тұрғын үйсатылымға шықты. Бағдарламаға банктің кез келген клиенті қатыса алады. Бұл үшін тұрғын үй құнының 20 % мөлшерінде бастапқы жарна болу қажет.
Семей қаласының ақпараттық орталығы
Фото: Семей қаласының ақпараттық орталығы
683 всего, 3