Семей.14.03.”Semeyainasy” – Семейде ұлыстың ұлы күніне байланысты меркелік іс-шаралар өз бастауын алды. Аталмыш шаралар Ертіс жағалауында наурыз айының 14-21 аралығында сағат 11.00-ден 15.00-ге дейін өтетін болады. Ұйымдастырушылар оны “мереке аптасы”деп атады.
Мәдениет бөлімінің қызметкерлері әр күннің атауы мен мақсаты бар екенін атап өтті . Бүгін, 14 Наурыз- ” Көктем күні “, 15 наурыз – ” Алас күні “, 16 наурыз – ” Өнім күні “, 17 наурыз – ” Береке күні “, 18 наурыз – ” Иіс күні “, 19 наурыз – “Жайнау күні”, 20 наурыз – ” Шаттық күні “, 21 наурыз – “Үйлесім күні” .
Бір апта бойы жағалауда мерекелік концерттер, көрмелер мен жәрмеңке ұйымдастырылады. Қала тұрғындары мен қонақтары көркем ұжымдардың арнайы бағдарламаларын тамашалап, Наурыз көже мен бауырсақтан дәм тата алады.
– Бүгін біз көптен күткен Наурыз мейрамын тойлауды бастадық . Осы күні біздің ата – бабаларымыз ұзақ қыстан кейін бір-бірімен көрісіп , амандық сұрасатын, – деді Семей қаласының Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Назерке Аққожина.
22 наурызда ұлыстың ұлы күні қаланың 5 алаңында тойланады. Дәстүр бойынша басты жиындар орталық алаңда өтпек . Мұнда 14 киіз үй қойылып, үлкен концерттік бағдарлама ұйымдастырылады. Мерекелік кешті сағат 22:00-де отшашу қортындылайтын болады .
Семей қаласының ақпараттық орталығы
755 всего, 9