Семей.12.03.”Semeyainasy” – СемейКСРО-ға және Қазақстан Республикасына Еңбек сіңірген жаттықтырушы, Қазақстан Республикасына Еңбек сіңірген қайраткері Т.М.Досмұхамбетовтің 70 жас мерейтойына арналып самбо күресінен 1999 – 2000 жылы туған жастар (ұлдар, қыздар) арасында ел чемпионаты Алатау бөктерінде, Алматы қаласында өтті.
Астана, Алматы һәм Шымкент және 14 облыстың командасы бас қосқан бұл жарыста 360 самбо шеберлері боз кілемнің көрігін қыздырды.
Чемпионатқа Семей спорт академиясының сегіз шәкірті қатысты. 74 келіде бақ сынаған Шалқыбек Рахметоллаев чемпион атанса, қыздар арасында 64 келіде белдескен Зарина Сарипова қола медальға қол жеткізді. Айта кетсек, Шығыс Қазақстан облысы бұл чемпионатта бір алтын, екі күміс, екі қола медаль еншіледі.
Семей спорт академиясының баспасөз қызметі.
505 всего, 15