Семей. 11.03.”Semeyainasy” – Семей спорт академиясының шәкірті Ерасыл Қажыбаев Марокконың Мараккеш қаласында дзюдодан өтіп жатқан Гран При жарысының күміс жүлдегері атанды.
Ерасыл ақтық сынға дейін алқынбай жеткен. Финалдық белдесуде германиялық Свен Хейнлиге есе жіберіп алды. Рас, күмісті де қомсынып отырғанымыз жоқ. Ерасылдың жеңісті күндері алда деп білеміз. Атап өткен орынды. Қажыбаев байрақты бәсекелерде ел намысын абыроймен қорғап жүрсе, ол бапкер еңбегі.
Бұл ретте Семей спорт академиясының директоры Мерейғалы Көшкінов, дзюдо бөлімінің аға жаттықтырушысы, Ерасылдың Семейдегі жеке бапкері Ержан Жантасовтың еңбегі зор деп білеміз.
Айта кетейік, тағы бір шығысқазақтандық дзюдошы Ерлан Серікжанов дәл осы жарыста 66 келіге дейінгі салмақта белдесіп, қола жүлдені қоржынға салған болатын. Жалпы, Қазақстан құрамасы Мароккода өткен Гран При жарысын 1 күміс, 1 қола жүлдемен аяқтады.
Семей спорт академиясының баспасөз қызметі.
Сурет Қазақстан Республикасы Дзюдо федерациясының ресми сайтынан алынды.
595 всего, 3