IMG_4680

Семей.04.03. “” – Семейде дәстүрге айналған “Татар халык ашлары бск тәмле һәм файдалы” атты аспаздық шеберлік сайысы өтті . Биыл мерекеге 20-дан астам татар тағамдарын бағалаушылар қатысты. Барлық тағамдар ескі татар рецептімен дайындалды.

Қазылар алқасының төрағасы болып Семей қаласының әкімі Ермак Сәлімов сайланды. Қазылар алқасының мүшелері барлық тағамдар тек дәмді ғана емес, әдемі безендірілгендігін атап өтті.

Қорытынды жасау кезінде тағамның рецептурасы және оның берілуі есепке алынды. Илида Мустафина әзірлеген татар асханасының патшасы “Чак – Чак” тағамы сөзсіз жеңімпаз атанды. Бірінші орын Тахир Сайфулиннің жылқы еті мен “Кулама”қамырынан жасалған тағамына бұйырды.
Көрермендер көзайымы сыйлығын “Құдаги ашы” пирогымен Рашида Насибуллина иеленді .

Барлық қатысушыларға естелік сыйлықтар мен алғыс хаттар табыс етілді.

Облыстық Татар қоғамдық орталығында аспаздық байқау жыл сайын көп қатысушы жинайтынын атап өтті. Сайысқа әртүрлі ұлт өкілдері қатысады.

Семей ақпараттық орталығы

Фото: облыстық Татар қоғамдық орталығы

 700 всего,  9 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *