Семей.22.02.”Semeyainasy”- Мұхтар Әуезов атындағы педагогикалық колледжде түркітанушы ғалым, полиглот, түркі тілдерінің білгір маманы Әмір Нәжіптің құрметіне кабинет ашылып, ескерткіш тақта орнатылды. Ғалымның туғанына биыл 120 жыл толып отыр.
Айтулы оқиғаға байланысты Мәскеуден арнайы келген ғалымның қызы Эльмира Нәжіп Әмірқызы өз толқынысын жасыра алмады.
– Әкем осы оқу орнында білім алды. Алғашқы еңбек қадамдарын жасады. Бүгін орын алып жатқан оқиға мен үшін өте маңызды. Өз басым түркітану академиясының барына қуанамын және акедемия президентіне алғыс айтқым келеді. Осы азаматтардың арқасында әкем жайлы білмеген тың деректермен танысып жатырмын.
Жиырмаға жуық тіл білген ғалым атындағы дәрісхананың ашылуына ұйытқы болған Халықаралық Түркі академиясы (TWESCO). Академия президенті Дархан Қыдырәлі өз сөзінде ғалымның түркітану саласында айрықша орын алатынын жеткізіп колледжге Әмір Нәжіптің еңбектерінен құралған шағын кітапхана табыс етті.
Техниканың озық түрлерімен жабдықталған кабинет латын әліпбиінде жұмыс жасайтын болады.
Семей ақпараттық орталығы
543 всего, 9