
Семей.14.02.”Semeyainasy” – 7 – 11 ақпан күндері Тараз қаласында 2002 – 2003 жылы туған жасөспірімдер арасында дзюдодан Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті. Әулиеатаның төріне төселген бозкілемде 700-ге жуық ұлдар мен қыздар бақтарын сынап, баптарын байқады. Бұл додада Семей спорт академиясы өзінің 30 шәкіртінің бағын сынап көрді.

Еркебұлан Қосаев, Бейбіт Мұратов, Виталий Собов баптап апарған біздің оқушылар жақсы нәтижелерге қол жеткізді. Атап айтқанда, 48 келіде Балнұр Әбдешова алтыннан, 73 келіде Серікбол Естай күмістен, 57 келіде Мөлдір Бейсенова қолдан медаль тақты.
Семей спорт академиясының баспасөз қызметі.
822 всего, 6