Семей.25.12.”Semeyainasy” – Семейде «ZHAS PROJEСT» жастар корпусын дамыту жобасы аясында құрылған «Zhas Study» білім беру орталығы 2 ай бойы № 8 –ші балалар үйіндегі 30 жас жеткіншектерге ағылшын тілін тегін оқытты.
Ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларды Шұғыла Қадышева екі топқа бөліп, аптасына екі рет «Elementary» деңгейі бойынша сабақ берді. Олар оқу барысында Ұлыбританияның «Оксфорд» баспасынан алынған түрлі әдістемелік кітаптарды қолданды. Әрқайсысы екі ай ішінде шет тілін жақсы меңгеріп шықты. Тіпті кейбіреуі ағылшынша сөйлей алатындай деңгейге жетті.
-Балаларға ағылшын тілін үйрену өте жеңіл болды. Сабақтарын қызықты өткізуге тырыстық. Жасаған жұмысымыз өз нәтижесін берді. Бүгінде әлеуметтік жоба аясында түрлі бағытта 77 баланы оқытып шықтық. Біз осымен тоқтап қалмаймаймыз, алдағы уақытта оқыту орталығымыздың әлеуметтік аясын кеңейтеміз,-деді оқыту орталығының жетекшісі Балнұр Есболатова
Айта кетейік, аталмыш орталық қазіргі таңда әлеуметі аз қамтылған жастарды компьютерлік сауаттылыққа баулып, журналистика саласының қыр-сырын үйретуде. Арнайы курстарға әлі де болсын жазылуға мүмкіндік бар. Барлық толық және қосымша ақпаратты 8(747) 420-32-06 нөміріне хабарласып біле аласыз.
Ғанибек Түсіпбек
356 всего, 3