Picture3

26-28 қазанда ШҚО «Жастар салауатты өмір салты үшін» жастарға қоғамдық бірлестігі « көшбасшылар мектебі» кезекті оқу семинары өтті. Жас буын өкілдерін көшбасшылық қасиеттерге үйретуге бағытталған семинар ШҚО «Ішкі саясат басқармасы» ММ тапсырмасымен ұйымдастырылған. Осы оқу семинарына обылысымыздың белсенді жастары қатысты.

«Көшбасшылық» тақырыбындағы тренингті «Жастар салауатты өмір салты үшін» жастар қоғамдық бірлестігінің төрағасы Кудияров Е.С. жүргізді.
Шарадан күтетін нәтиже – біз жастарды осындай қоғамдық жұмыстарға тарту арқылы жастардың белсенділігін, біліктілігін арттырып, ертеңгі күні олар біздің еріктілеріміз болсын дейміз, яғни еріктілер санын көбейтуді көздейміз. «Көшбасшы» тақырыбын алғандағы себеп – жастар қоғамдағы өзекті мәселелер бар екенін айтқанмен, оларды қандай жолдар арқылы шешу керектігін біле бермейді. Сондықтан жастардың өздеріне мүмкіндік беру арқылы мәселелер жөнінде сұрап біліп, оларды бүгінгі таңдағы жұмыссыздық, жемқорлық, экология мәселелері, тіл және жерге қатысты қоғамда резонанс туғызған мәселелер толғандыратынын білдік. Енді жастарды белсендіру арқылы соларды шешудің жолдарын іздестіреміз. «Көшбасшылар мектебі» сабағында жастар әлеуметтік жобаны қалай жазу керек, ол қандай критерийлерге жауап беруі қажет деген мәселелерге үйренді.

 1,040 всего,  3 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *