IMG_0551

Семей. 18.08. “Semeyainasy” – Бейбіт заманда да әуе шебінің тыныштығын қорғау үшін әрдайым жауынгерлік кезекшілікте сақадай сай тұратын Әуе қорғаныс күштерінің құрылғанына 18 тамызда  20 жыл толды.

31767 әскери бөлімінде Әуе қорғанысы  күштерінің 20 жылдығы кең көлемде аталып өтілді. Әуе қорғаушылардың төл мерекесіне орай ұйымдастырылған іс-шаралар спорттық сайыстардан бастау алды. Атап айтар болсақ, 31767 әскери бөлімі мен 54835 әскери бөлімі арасында футболдан жолдастық кездесу өтті. Әскери бөлімдердің екі командасы ұпай сандарымен тең түсіп, нәтижесінде «достық жеңді». Келесі кезекте әскери қызметшілер мен мерзімді қызметтегі әскери қызметшілер әскерилендірілген эстафетаға қатысты. Эстафетада автоматты бөлшектеп қайта жинау, түрлі кедергілерден өту, арқан тарту, қашықтыққа жүгіру сияқты әскери–спорттық сайыстардан  мүмкіндіктерін сынады. Салауатты өмір салтын берік ұстанып, күнделікті өмірде спортпен үнемі шұғылданатындар әскери қызмет уақытында өздерін сергек сезінетіндегі сөзсіз. Осы мақсатта 20 жылдыққа орай өткен жаппай – бұқаралық жүгіру марафонына бөлім басшылығынан бастап, барлық санаттағы әскери қызметшілер, әйел әскери қызметшілері түгелі дерлік қатысты.

футтб

Бөлімдегі Әуе қорғаныс күштерінің
20 жылдығына арналған іс-шара салтанатты жиынмен жалғасын тапты. Бөлім командирінің міндетін уақытша атқарушы подполковник Р.Киреев Әуе қорғаныс күштерінің қалыптасу тарихы туралы баяндама жасап, жеке құрамды мерекелерімен құттықтады. Бірнеше жыл бойы бір орында талмай қызмет атқарып келе жатқан әскери қызметшілерді және үлгілі әскери тәртібімен еңбек етіп жүрген жеке құрамды марапаттады. Жиын соңында әскери қызметшілерге Әуе қорғанысы күштерінің өмірінен деректі фильм көрсетіліп, мерекелік концерт ұйымдастырылды.  Мерекелік концертке бригаданың батальон, роталарының өнерлі жеке құрамы белсенді ат салысты.

Сөз соңында айтарымыз, еліміздің көк аспанында сенімді қалқан, әуе кеңістігін күзетуде еліне қорған болып жүрген әріптестерімізді мерейлі мерекесімен құттықтаймыз! Аспанымыз ашық, күніміз шуақты, бейбітшілігіміз тұрақты болсын!

Н.Мұқажанова

 

 544 всего,  12 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *