20180816_152949

 

Семей. 17.08. “Semeyainasy” – Былтыр Семейде орын алған көмір тапшылығы талай адамдарды әбігерге салған болатын. Тіпті, алыпсатарлардың көмір үшін бір-бірімен жаға-жыртысқан видеолары бүкіл әлеуметтік желілерге тез таралып,тұрғындардың арасында қызу талқыға түскен еді.
Биылдың өзінде-ақ, жылыту маусымы басталмай жатып, 1 тонна көмірдің бағасы – 17 мыңға дейін шарықтап кетті деген жазбалар да баспасөз беттерінде жиі жарияланып жүр. Сол себептен халық алаңдаулы.
Осы ретте, қала әкімі Ермак Сәлімов семейліктерді сабырға шақырып, өткен жылы болған олқылықтардың алдын алып, болдыртпау мақсатында қатты отынды сақтайтын қоймаларға арнайы барып, қазіргі таңда қандай өзгерістер болып жатқанын өз көзімен көріп қайтты.

комыр1

Тексеру барысында жауапты тұлғалардан барлық мән-жайды толығымен сұрастырып, бірқатар тапсырмалар жүктеді. Сонымен қатар, таңғы бестен қаз-қатар тізіліп, өз кезектерін күтіп тұрған көмір сатушылармен де тілдесіп, олардың ойын білді.
Сол жерде тұрған Вячеслав есімді азамат шаһар басшысына өзінің шағымын жеткізіп, көмірдің жетіспеушілігі оларды шынымен де қажытып жібергенін айтты.

Бір айта кетерлігі, қара алтынның бағасы былтырғымен салыстырғанда біраз өскен. Мәселен, бүгінгі күні оның бір тонасы 8600 теңге, ал егер «КамАЗ» жүккөлігімен өзіңіз барып алатын болсаңыз – 7400 теңге.

Ғанибек Түсіпбек

 608 всего,  12 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *