Олег Чугунков

Семей. 02.08. “Semeyainasy” – Біз өмір сүріп жатқан әлемді жаңа технологиялар мен жасанды интеллекті бар роботтарсыз елестету мүмкін емес. Сондықтан да қазіргі таңда еліміздің әр өңірі біртіндеп цифрлы жүйеге көшіп, заманауи технологияларға айрықша көңіл бөліп келеді.

Тіпті, биылғы   жылдың қыркүйек айының 1-і күні    ШҚО аудандарындағы 277 мектепте  жаңа модификациядағы IT-сыныптар ашылады деп жоспарланып отыр.

Сол себептен, шілденің  23-нен бастап Семей қаласының электротехникалық колледжінде   ең озық технологиялармен жабдықталған IT орталықта Үржар, Зырян, Глубокое  және тағы да басқа Шығыс Қазақстан облысындағы  бірқатар елді мекендердердің   500-ге жуық  ұстаздары  – компьютерді жетік меңгерген мамандардан робототехника, логика мен компьютерлік модельдеу , сонымен қатар көптеген қызықты бағдарламалар  бойынша арнайы курстардан  өтуде.

IMG_7088

Осыған орай, бүгін ШҚО әкімінің орынбасары  Әсем Нүсіпова  өз тәжірибелерін шыңдап жатқан мұғалімдермен жүздесіп, қазіргі уақытта істеліп жатқан жұмыстармен халық жіті таныс болуы үшін БАҚ өкілдерімен кездесті. Кездесу барысында бұл жобаның барлық мән-жайы толығымен түсіндірілді.

Айта кетейік, енді осы оқу жылы бастала салысымен  бастауыш сыныптағы балалар  жаңа бағдарламар көмегімен  3D нысандар мен виртуалды қалаларды , түрлі үйлесімді пішіндерді  құрастыра алады. Ал жоғары сыныптың оқушылары  бағдарламаланатын логикалық контроллерлерді, мехатронды және операциялық жүйелерді, интернет-сайтты құруды, сондай-ақ, 3D притнтердің қыр-сырын үйренеді.

Ғанибек Түсіпбек

 

 407 всего,  3 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *