IMG_4988

Семей.07.05.”Semeyainasy” – Әуе шабуылына қарсы қорғаныс күштерінің Семей бригадасында бір жылдық мерзімін өтеген мерзімді қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа босатуға орай салтанатты жиын өтті.
Былтыр дәл осы уақытта 31767 әскери бөлімінде жауынгерлердің қатарын толықтырған сарбаздар Отан алдындағы борыштарын абыроймен өтеп, антқа адал ұл екендерін дәлелдеді.
Салтанатты кеш барысында спорттық және мәдени іс-шараларға белсенді қатысқан материалдық-техникалық қамтамасыз ету ротасы күзет взводының запасқа босатылатын жауынгерлер мадақтама қағазымен марапатталса, жауынгерлік және мемлекеттік – құқықтық дайындықта жоғары көрсеткіштер көрсеткен сарбаздардың ата-аналарына Алғыс хат жіберілді. Сонымен қатар, желбіреген Тудың аясында түскен естелік суреттер табыс етілді. «Әскер қызмет пен әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, бірқатар сарбаздарға «Ефрейтор» әскери атағы берілді. Кеш соңы мерзімді қызметтегі әскери қызметшілер әзірлеген көңілді концертке ұласты.
Алпыс бес жылдық тарихы бар әскери бөлімнің Жауынгерлік Туымен салтанатты қоштасу рәсімінде бөлім командирі подполковник Жусупов Айбол Өтегенұлы: – «Әскери өмір – шыңдалу мектебі. Сендер Қарулы Күштердің тәртібіне төзіп, тәжірибе жинақтадыңдар. Намыс пен жігерді, батылдық пен елге деген сүйіспеншілікті бойларыңа қалыптастырып, туған елдеріңе қайтып барасыңдар. Сендерге ақ жол, сәтті сапар тілейміз!»- деп тілегін білдірді.
Әскери билетті иемдену, әскери атақ алу – кез келген бозбаланың қолынан оңайшылықпен келе қоймайды. Ол үшін түнгі ұйқыны төрт бөліп, тәуліктік нарядта тұру, кезекшілікке түсу, қытымыр аязда, шіліңгір ыстықта далалық шығуларға бару сияқты әскери өмірге тән қиыншылықтарды басынан өткерген, түрлі сыннан сүрінбей өткен сарбаздар ғана қол жеткізері сөзсіз.

Нұрсәуле Мұқажанова

31767 әскери бөлімінің мемлекеттік тілді
дамыту қызметінің маманы

 454 всего,  6 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *