Семей.20.04.”Semeyainasy” -Аягөзде қоныс тойы жалғасуда. Бүгін қарғын судан үйлері зардап шеккен тағы 13 отбасына салтанатты түрде пәтер кілттері табыс етілді.
ШҚО-да көктемгі апаттың салдарын жою науқаны қызу. Қазіргі таңда барлық күш үйлерді, жолдар мен көпірлерді қалпына келтіруге бағытталған. Мәселен, Аягөзде қосымша Семей мен Тарғабатай ауданының 5 құрылыс компаниясы жұмыс істеп жатыр. Бұған дейін 118 миллионнан астам теңгеге 28 отбасына тұрғын үй сатылып алынғаны хабарланған еді. Бүгін олардың қатары 13-ке толықты. Тағы Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасы және «NFS Kazakhstan» ЖШС қолдауымен 2 жанұя баспаналы болды.
– Биыл көктем біздің өңір үшін оңай болған жоқ. Тасқыннан 2 қала, 5 аудан, 33 елді мекен зардап шекті, – деді салтанатты жиында сөз алған ШҚО әкімінің орынбасары Әсем Нүсіпова. – Қазіргі таңда тұрғындарды күнделікті тұрмыстарына қайтару үшін ШҚО-ның барлық күші жұмыла әрекет етуде. Комиссия жұмыс істеп жатыр, қаражат бөлінді. Облыс бойынша 23 құрылыс ұйымы жөндеу-қалпыну келтіру жұмыстарын жүргізуде.
Айта кету керек, осы уақытқа Аягөзде тағы 12 үй бақылау үстінде тұр, ал 15-інің жөндеу мерзімі иелерінің қалауымен кейінгі шегерілді.
ШҚО әкімінің баспасөз қызметі
691 всего, 3