Семей.19.04. “Semeyainasy ” -Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың «100 нақты қадам» бағдарламасының 78-і қадамы жоғарғы оқу орындарының академиялық және басқарушылық дербестігін кеңейтуге арналған. Осыған байланысты қаламызда әдістемелік семинар болып өтті. Аталған шараға ЖОО оқытушылары, факультет декандары мен бағдарлама әзірлеушілер қатысты. Жиында кіріктірілген білім беру бағдарламаларын әзірлеу мәселесі талқыланды. Әр түрлі жоғарғы оқу орындарымен серіктестік орнатып, екі дипломдық жүйеде жұмыс істеу туралы пікірлер айтылды. Қатысушыларға «мейджермайнор» бағдарламасы таныстырылды. Осы жоба арқылы студенттер өздерінің негізгі мамандығымен қоса, өзге салада қосымша білім алу мүмкіндігіне қол жеткізеді. Қазір бұл бағдарлама еліміздің бірнеше оқу орындарында іске асып үлгерді. «Мұндай жаңашылдық студенттердің білім сапасын арттыруға мүмкіндік береді» дейді мамандар. Биология ғылымдарының кандидаты, профессор Сәуле Төлеуғалиева: «Біз IT генетика, IT-журналистика, аударма ісі мен IT технология, кәсіпкерліктегі ағылшын тілі траекторияларын ұсындық. Бұл іске асырылып жатқан білім бағдарламалары оқу сапасын арттыруға, жұмыс берушілердің жас мамандарға қызығушылығын арттыру мақсатында дайындалып отыр», – деп атап өтті. Осы шараға қатысқан Жандос Мұқаев қазіргі таңда жаңартылған білім беру мазмұны бойынша геоақпараттық жүйелер басты орынды алып отыр деген пікірде. «Сондықтан, біз қазіргі дайындап жатқан магистрлерге келесі жылдан бастап осы геоақпараттық жүйелер бағдарламасын енгізгелі жатырмыз» , – дейді Жандос Мұқаев.
Мейіржан Амангелді
Семей қаласы ішкі саясат бөлімінің ақпараттық секторы
670 всего, 9