DSC_3742

Семей. 20.03. “Semeyainasy” – Наурыз мейрамы – береке мен бірліктің, ырыс пен молшылықтың бастауы болып саналатын күн нұрына малынған көктемнің шуақты шақтарымен бірге жер бусанып, «арқаның қысы аттан түсетін» кез, ғасырларға ұласқан ежелгі бүкілхалықтық қасиетті мереке.
Қала тұрғындарының осы бір салтанатты мерекені бейбіт түрде шат-шадыман атап өтулерін қамтамасыз ету мақсатында Семей қ.ІІБ гарнизоны күшейтілген қызмет атқаруға көшті. Соған қарамастан бүгін Семей қ.ІІБ басшылық және жеке құрамның қатысуымен салтанатты мерекелік іс-шара өтті.
Салтанатты іс-шараны Семей қ. ІІБ бастығының орынбасары полиция полковнигі Талғат Құлжанбеков ашып, Наурыз – ел тыныштығы мен тұрақтылығының, ізгілік пен бейбіт өмірдің нышанын танытатын, барша ұлттар мен ұлыстарды біріктіретін қуанышқа толы ортақ мереке екенін атап өтіп, жеке құрамды Наурыз мерекесімен құттықтап, тың бастамалар, ізгі мақсаттар мен игілікті істерге жетуді тіледі.
Мерекелік іс-шара барысында ҚР ІІМ бұйрығымен алғашқы, кезекті арнайы шендерінің берілуіне байланысты дәстүр бойынша бір қатар қызметкерге пагондар табысталды. Сондай-ақ қоғамдық тәртіпті сақтауда, өзінің қызметтік міндеттерін адал атқарғаны үшін ішкі істер бастығының бұйрығымен 9 қызметкер грамотамен, 9 қызметкер алғыс хатпен және 118 қызметкер ақшалай сыйақымен марапатталды.
Салтанатты жиын соңы қалалық эстрада жұлдыздарының және Семей қ.ІІБ қызметкерлерінің күшімен дайындалған концерттік бағдарламамен жалғасты.

 721 всего,  12 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *