FullSizeRender-22-02-18-03-31-1

Семей 22.02 «Semeyainasy» – Семей қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің қолдауымен, қаланың енбек және соғыс ардагерлері кеңесінің және қалалық Достық үйінің ұйымдастыруымен 1 наурыз – «Алғыс айту» күніне орай Семейде алғаш рет «Ақ бата – асыл мұра» атты қалалық байқау өтті.

Байқаудың бірінші бөлімінде сайыскерлер ұлттық салт-дәстүрлерге байланысты бата берсе, екінші бөлім «Тәуелсіз елге бата» деп аталды. «Ақ бата» атты үшінші кезеңде қатысушылар еркін тақырыпта бата берді.

Сайыс шарты бойынша, қала және қалаға қарасты ауылдық округтерден келген 10 ақсақал бақ сынады. Сонымен қатар 40 жыл мектеп қабырғасында қазақ тілі және әдебиеті пәні мұғалімі болып қызмет атқарған Ғайникамал Хасенова да қатысушылар қатарынан табылды.

Әсерлі өткен сайыс қорытындысында, қазылар алқасының шешімімен арнайы сыйлық Ғайникамал Хасеноваға табысталды. І орынды Қаймықан Бейсенбаев, ІІ орынды Талғатқажы Семейғазыұлы, ІІІ орынды Төкіш Ғабдуллин жеңіп алды. Жүлделі орын иегерлеріне 5000 -15000 теңге көлемінде ақшалақ сыйлық және Абай атамыздың қара сөздері сыйлыққа берілді.

Жүлделі орынға ие болғандар 1 наурыз күні Өскемен қаласында өтетін қортынды байқауға жолдама алды.

Асель Қайырбекова

 491 всего,  3 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *