Семей.16.02.- «Semeyainasy» -Ай күнтізбесі бойынша Корей халқы қарсы алатын Жаңа жылды – «Соллаль» деп атайды. Оны қаңтар айының аяғында немесе ақпанның басында өткізеді. Қазақстандықтар және әлемнің көптеген мемлекеттері жаңа жылды 1-ші қаңтар күні атап өткен болатын. Алайда мерекелік көңіл күй болса әлі де басылар емес, себебі бүгін Шәкәрім университетінің «SKACC» халықаралық факультетінің студенттері мен оқытушылары «Соллаль» мерекесін тойлатуда.
Бір отбасыдай болып кеткен факультет студенттері Корей ұлтының тағамдарынан дәм татып, ырғақты музыканың сүйемелдеуімен ұлттық билерін билеп, еркін диалогты алаң құрып, мейрамның негізгі ерекшеліктерімен жақынырақ таныса түсті.
Кім де болсын «Жаңа жылдың алғашқы күні қалай өтсе, келер жылдың барлық күні дәл солай өтеді» деген ырымға сенеді. Оларда осы қағиданы ұран етіп, әрбір сәтті есте қаларлықтай етіп өткізуге тырысты.
Естеріңізге сала кетейік, 2016 жылы Шәкәрім есімі берілген киелі шаңырақ бірнеше шетелдік жоғарғы оқу орындарымен өзара ынтымақтастық жайында меморандумдарға қол қойылған еді. Соның ішінде, Оңтүстік Корея елінің Кьюнгдонг Университеті де бар. Екі жақты байланыс қазіргі таңда кең қанат жаюда.
Ғанибек Түсіпбек
520 всего, 9