_DSC0685

Семей 15.02. “Semeyainasy” Алдағы уақытта Шығыс Қазақстан туралы түсірілетін фильмде голливуд жұлдыздары басты рөлдерді сомдамақ . Бұл жобамен голливудтық Castle film мен қазақстандық компанияның тікелей бастамасымен жүзеге асатын болады. Барлық түсірілім жұмыстары өңірдің киелі және тарихи-мәдени жерлерін қамтымақ.
Деректі фильм төрт бөлімнен тұрады: Облысымыздың өнеркәсібі, туристік кластер, сондай-ақ экология мен еліміздің тарихындағы ең қайғылы парақтардың бірі — Семей ядролық сынақ полигонының жабылуы жөніндегі тақырып қозғалады.
– Қазіргі таңда бүкіл дүние жүзі Қазақстанға қызығушылық тудырып отыр. Қазақ жұртына деген мұндай құрмет – Ірі көлемдегі көрмелер, фестивальдар өткізу арқылы қалыптасқан. Біз туристерді Қазақстанға тарту үшін жұмыс істеп жатырмыз, өйткені көшпелі өмір салты зерттеуге қызықты, – дейді Арман Асенов.
Өздерінің әртістік шеберліктерімен көпшіліктің қошеметіне ие болған актерлер, осы жолы барлығы қызыға да, қызғана қарайтын өңіріміздің әдемі жерлеріміз туралы баяндап, халқымыздың тұрмыс-тіршілігімен, өткен тарихымен жақынырақ танысады. Киноның түсірілімі екі маусымда, яғни қыста және жазда өтеді деп жоспарланып отыр.
Қазақстандық продюсердің мәлімдеуінше, жазда Шығыс жеріне тағы бір топ жұлдыздар ат басын бұрмақ. Мүмкін, олардың қатарында «Оскар» сыйлығының лауреаты Эдриен Броуди да келеді деп күтілуде. Фильмді 2018 жылдың аяғында прокатқа шығару жоспарлануда. Осы киноны жер жүзіндегі миллиардтан астам азаматтарына таныстыру мақсатында National Geographic мен BBC сияқты әлемдік арналардың эфирінде көрсетіледі.
Ғанибек Түсіпбек

 510 всего,  12 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *