2222
Семей. 14.02. «Semeyainasy» Қазақ прозасының мектебін қалыптастырған, қоғамда болып жатқан мәселелерді ашық жариялаған, азаттыққа бастаған, Алаш арыстары негізін қалаған «Абай» журналына биыл 100 жыл. Абай журналына қатысты деректерді, онда қызмет еткен алып тұлғалардың еңбектерін, қазақ жұртына серпіліс берген мақалаларды шексіз тізбектеп айта беруге болады. Баспасөз тарихында «Қазақ» , «Серке» , «Сарыарқа» сынды көптеген газеттермен үндес, пікірлес – «Абай» журналы еліміздің руханиятын кемелдендіру жолында өшпес із, өлмес өнеге қалдыра білді. Өткенге көз жүгіртетін болсақ, біраз жылдар бойы жарық көрмей, тоқырау кезеңін бастан кешірсе де, 1992 жылы 4 ақпанында үлкен жүректі, парасат иесі – Ырысхан Мұсаұлының басшылығымен өзгеше бағытта жаңғырып, биік рухпен, кең тыныспен оқырмандарымен қайта қауышты.
Осы орайда, бүгін Абай атындағы әмбебап кітапханасында журнал тарихын жастарға насихаттап, сондай-ақ «Абай» журналының 100 жылдық мерейтойын атап өту мақсатында «Рух кәусары Абай журналына – 100 жыл» атты әдеби-танымдық кеште зиялы қауым өкілдері бас қосты.
Әдеби-сазды кеш аясында газеттің 1992 жылдан бастап барлық дерлік сандарын қамтыған кітап көрмесі ұйымдастырылып, Мұқан Төлебаев атындағы музыкалық колледждің 3 курс студенттері Абай өлеңдерін мәнерлеп оқып, көпшілік қауымды поэзия әлеміне сапар шектірді.
Басқосуға Ұлы Абайдың жиені, филолог Балтабек Ерсәлімов, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі Мұратбек Оспанов, белгілі тарихшы, ғалым, профессор Амантай Исаұлы қатысып, журнал туралы өздерінің келелі ойларын ортаға салды.
Ғанибек Түсіпбек

 547 всего,  3 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *