WhatsApp Image 2018-02-13 at 13.57.22

Семей. 13.02. “Semyainasy” – Биылғы жылдың 13 ақпанына дейін қала кәсіпорындарының жылуға қарызы 900 млн. теңгені құрап отыр. Оның 70 % – ы қала тұрғындары. Бүгін осыған орай «Теплокоммунэнерго» МКК және «ШҚ АЭК” АҚ қызметкерлері кезекті рейдке шығып, жылуға қарыз тұрғын үйлерді электр энергиясынан ажыратты.

-13 ақпанға дейін кәсіпорындардың жылу үшін дебюторлық қарызы 900 млн. теңгені құрап отыр. Өткен жыл бойынша 2,5 мың іс қаралу үстінде. Қазіргі күні олардың қарызы 130 млн. теңгені құрап отыр. Сот қаулысы шықты. Осыған орай 50-ден астам абонентте электр энергиясы кесіледі. Себебі олар бізге мардымды жауап бермеді және электр энергиясын қиямыз деген сөзімізге құлақ аспады, – дейді «Теплокоммунэнерго» КММ бөлім басшысы Гауһар Жетпісбаева.

Оның айтуынша, электр энергиясынан ажырату арқылы тұрғындарды қарызын төлеуге мәжбүрлеу ең тиімді шешім болып отыр. Өйткені жылудан айырылған тұрғындар астыртын әрекеттер арқылы амалдапты.

Рейд барысында 400 мың теңге көлемінде берешек болған Жамақаева, 71 мекенжайында орналасқан пәтерлердің бірінде электр энергиясы ажыратылды. Бөлім мамандарының айтуынша, аталған пәтер тізім бойынша көш бастап тұрған көрінеді.

-Электр энергиясынан ажырату жылу және суға қарыз абонеттерге қолданылған тиімді шара деп ойлаймыз. Осы орайда қала тұрғындарынан қарызын уақытылы төлеп тұруын сұраймыз. Көмір мен су төлемдеріне және қызметкерлер жалақысына берілетін қаржы жылудан түснетін ақшаға тікелей байланысты. Азаматтар қарызын қайтармаған жағдайда, біз сотқа жүгінуге мәжбүрміз, – дейді Г.Жетпісбаева.

Айта кетейік, аталған рейд Теплокоммунэнерго және ШҚ АЭК қызметкерлерімен бірлесе жүргізілді. Ал тиісті қаулыны шығарған жеке сот орындаушысы Ержан Жарынбетовтің көмекшісі Сүйініш Қайсанов қолданылған шаралар заң аясында жүзеге асып жатқанын айтуда.

Айзада Сламбаева

 531 всего,  15 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *