Семей.13.02. «Semeyainasy» -Үш жыл бұрын Семей қаласы әкімі әкімдіктің құзыретті бөлім қызметкерлері мен «Шығысэнерготрейд» ЖШС және «Теплокоммунэнерго» КММ басшыларымен бірге төлем жасамау мәселесін шешу мақсатында жоба жасаған болатын. Үш жыл өте бұл бағдарлама іске асырылып келеді, рейдтік жарықтан ажырату қажеттілік болып табылады
Соттың шешімі бойынша бүгін 50жуық абонент жылу мен электр энергиясы желісінен кесілді, рейдтік жұмыс бұнымен тоқтамайды.
«Теплокоммунэнерго» КММ өткізу басқармасы басшысы Гаухар Жетпісбаеваның сөзінше, 13 ақпанға жылу энергиясы бойынша дебиторлық қарыз 900 млн. тг. құрайды. Қазіргі кезде Семей қ. сотында 130 млн. тенгеден астам сомаға 2500 іс орындалу үстінде. Бұл факті бойынша жеке сот орындаушысы мен «ВК РЭК» қызметкерлері қатысуымен рейдтік іс-шаралар жүргізілуде.
Мамандардың пікірінше, борышкерлерді жылу мен электр энергиясы желісінен ажырату қажетті шара болып табылады. Бұл шешім сот талқылаулары аясында қабылданды, заңды негізі бар.
Семей қаласы әкімінің баспасөз қызметі
494 всего, 12