111

Семей. 13.02. “Semeyainasy” – Бір ай көлемінде Шәкәрім университетінің футбол алаңында 200-ге жуық жас жеткіншектер «Балалар лигасы. Қыс-2018» турниріне қатысып, өз араларында «кім мықтыны» анықтады. Университет ректоры Мейір Ғариполлаұлының қолдауымен бастау алған, биылғы жылы алғаш рет өткізіліп отырған аймақаралық аламан додада жалпы саны 14 команда бақ сынады. Алдағы уақытта жас футболшылардың қызығушылығын арттыру мақсатында «Балалар лигасы. Көктем-2018» және «Балалар лигасы. Жаз-2018» чемпионаттары өтеді деп жоспарланып отыр.
Бүгін өз мәресіне жеткен жарыстың қорытындысына көз жүгіртетін болсақ, 2005-2006 жылғы балалар арасында сарапқа салынған медальдардың жеңімпаздары төмендегідей:
— 1-орын иегерлері – «Алтай 1» командасы
— 2-орын иегерлері – Семейдің “Цементник” футбол командасы
— 3-орын иегерлері – «Алтай» командасы.
2007-2008 жылғы жасөспірімдер категориясы бойынша жүлдегерлер тізімі:
— 1-орын иегерлері – «Алтай» командасы
— 2-ші және 3-орын иегерлері – “Цементник” футбол клубының жас спортшылары лайық деп танылды.
Сонымен қатар агрокомитеттің шешіміне сәйкес, үздік ойыншылар да арнайы номинациялармен марапатталды:
— «Үздік қақпашы» – Данил Скачков мен Герман Лейсле
— «Үздік қорғаушы» –Амирхан Стахан «Виим» командасы, Асан Байғалиев «Цементник».
— «Үздік шабуылшы» – Артем Лукин, Роман Богданов
— «Үздік ойыншы» – Алибек Шарипов «Цементник» командасы

Ғанибек Түсіпбек

 398 всего,  9 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *