2 (1)

Семей.08.02. «Semeyainasy» –  Аңыз-ертегілермен сусындап өскен, басынан көптеген қилы заманды өткерген, талай адамдарды талантымен тәнті еткен Мұқағали Сүлейменұлының жетістіктері мен жазып кеткен том-том еңбектерін шексіз тізбектеп айта беруге болады. Шыны керек, Мұқағали атаның әрбір өлең жолында терең мағына , өткенге сапар шектіретін тәтті сезім бар. Жастар оқыса, поэмаларын жаттаса, санасына сіңірiп, мағынасына терең үңілсе құдды бір поэзия әлеміне тап болғандай күй кешетіні сөзсіз. Осы тұста айта кетейік, “Қазақтың қара өлеңі құдіретім, онда бір сұмдық сыр бар естілмеген” – деп өмірінің соңына дейін жырлап кеткен қазақтың лирик ақыны, жыр дүлділі – Мұқағали Мақатаевтың туғанына биыл 87 жыл.

Осыған орай Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетіндегі «Жас Отан» ұйымының тікелей бастамасымен Инстаграм әлеуметтік желісіндегі «Jasotansemgu» парақшасында «Мұқағали өлмейді, мәңгі тірі» атты көркемсөз оқу шеберлерінің байқауын ұйымдастырды.

Жарыстың шарты бойынша, қатысушылар өздеріне ұнаған мұзбалақ ақын Мұқағалидың кез-келген өлеңін оқып, түсірілген 1 минуттық бейне жазбаны өзінің парақшасына салып, «Jasotansemgu» деген хэштегпен белгілеу міндеттелген болатын. Жыр додасына «Сен тұр — мен айтайын» деп суырылып шыққан жалпы саны 20-дан астам студент қатысты.Сайыстың жүлдегерлерi лүпіл санына байланысты анықталды. Алайда ең көп лүпіл жинаған азаматтар шынымен де жеңіске лайықты деп ауыз толтырып айтуға толық негіз бар .

Көптен күткен жеңімпаздардың тізімін жария ететін болсақ, 1-орын «Ақ кимешек көрінсе» өлеңін оқып, көпшіліктің көзіне еріксіз жас алдырған Қазақ филологиясы факультетінің 3 курс студенті Толғанай Тұрсынова иеленсе, 2-орын «Журналистика» кафедрасының 1 курс студенті Ержан Райхановқа бұйырды, ал үздік үштікті Амина Қалибекова қорытындылады .

HEI04tgCyBQ

Жыр додасының жеңімпазы Толғанай Нартайқызы:
Конкурсқа қатысудағы басты мақсатым, Мұқағалидың көпшілік аузында жүрген өлеңдерінен басқа да жырларын дәріптеу болатын. Жалпы, осындай конкурстар жиі болып тұрса нұр үстіне нұр болатын еді. Себебі, көп уақытын әлеуметтік желілерге жұмсайтын жастардың санасына әдебиет пен мәдениетімізді титтей де болсын сіңірген болар едік. Сонымен қатар, елбасымыздың болашаққа бағдарын қолдап, әр адам өзінің бәсекеге қабілеттілігін арттыратын еді. Ұйымдастырушыларға алғыс білдіре отырып, істеріне табыс тілеймін. Дарынды жастар көп болғай!

Ғанибек Түсіпбек

 463 всего,  6 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *