Семей. 05.02. “Semeyainasy” – Қазір барлығымыз білетіндей жһандану заманында барлық жасөспірімдер электронды гаджет құралдарын пайдаланады. Баланың ең көп қолданатыны мобильді телефон болғандықтан, олар түрлі сайттарға кіріп, әлеуметтік желіде бейтаныс адамдармен таңысып жататындары да жасырын емес. Олардың өміріне, тәрбиесіне ата-аналары жауапты деп танылғандықтан, баласының әрбір қадамын қатаң қадағалап , бақылап-тексеруге толықтай құқығы бар.
Санасы әлі толық қалыптасып үлгермеген мектеп жасындағы жас жеткіншектердің смартфонда не іспен шұғылданып отырғанын түгелдей көрсететін молбильдік бағдарламалар, қаланың қай жерінде жүргенін анықтап беретін арнайы қол сағаттар ойлап табылған болатын. Алайда бүгінгі таңда Қазақстанның көп азаматтары бұндай бағдарламалардың қалай жұмыс жасап, не істеу керектігін көбісі біле бермейді. Осы орайда бүгін «Семей Айнасы» ақпараттық агенттігінің тікелей бастамасымен ата-аналарға қазіргі таңдағы ең маңызды деген үздік бағдарламалардың негізгі функцияларын түсіндіру мақсатында семинар-тренинг болып өтті.
Жиын барысында Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінің «Журналистика» кафедрасының оқытушысы Илья Бароховский «Norton Family parental control» , «Kaspersky Safe Kids», «bSafe» деп аталатын ұялы телефон қосымшалары мен «GPS» сағатын қалай қолдану керектігі жөнінде кеңінен тоқталды.
Ғанибек Түсіпбек
409 всего, 3