ZIXy4pcFKdo

Семей. 05.02. “Semeyainasy” – Қазақстанның әр түпкірінде еліміздің жүрегі іспеттес шаһардың туған күніне арналған іс-шаралар бүгінде басталып та кетті. Бүгін осындай игі бастамалардың  бірі — шаһарымыздағы қалалық мәдениет сарайында Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің тікелей бастамасымен Астана қаласының 20 жылдық мерейтойына орайластырылып «Астана құрдастары» деп аталатын  байқаудың алғашқы кезеңі  болып өтті.

Жарыстың шартына сәйкес ,  қатысушылар 20 жаста болуы керек және Елордамыз жайында сыр шертетін әуезді әндерді орындап, би номинациясы бойынша мың бұралған қыз-жігіттер  қазақтың ұлттық билерін билеу міндеттелген.

Байқауға Астананың төл құрдастары «Сен тұр — мен айтайын» деп суырылып шыққан, 15-ге жуық талантты жастар қатысып, өз өнерлерін әділ қазылар алқасы алдында паш етті.

Дарынды өрендердің өнерін бағалауға келген Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері, әнші Нұрлан Көшеров, Құрмет орденінің иегері , талай шәкірт тәрбиелеген ұстаз Мапруза Утуленова мен танымал хореограф Раушан Егізбаеваны айырықша атап өткен жөн болар.

Барлық өнерпаздарға сәттілік тілейміз. Жүлделі орыннан көрінулеріне тілектеспіз!

Ғанибек Түсіпбек

 541 всего,  3 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *