Семей. 05.02. “Semeyainasy” – Қазақстанның әр түпкірінде еліміздің жүрегі іспеттес шаһардың туған күніне арналған іс-шаралар бүгінде басталып та кетті. Бүгін осындай игі бастамалардың бірі — шаһарымыздағы қалалық мәдениет сарайында Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің тікелей бастамасымен Астана қаласының 20 жылдық мерейтойына орайластырылып «Астана құрдастары» деп аталатын байқаудың алғашқы кезеңі болып өтті.
Жарыстың шартына сәйкес , қатысушылар 20 жаста болуы керек және Елордамыз жайында сыр шертетін әуезді әндерді орындап, би номинациясы бойынша мың бұралған қыз-жігіттер қазақтың ұлттық билерін билеу міндеттелген.
Байқауға Астананың төл құрдастары «Сен тұр — мен айтайын» деп суырылып шыққан, 15-ге жуық талантты жастар қатысып, өз өнерлерін әділ қазылар алқасы алдында паш етті.
Дарынды өрендердің өнерін бағалауға келген Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері, әнші Нұрлан Көшеров, Құрмет орденінің иегері , талай шәкірт тәрбиелеген ұстаз Мапруза Утуленова мен танымал хореограф Раушан Егізбаеваны айырықша атап өткен жөн болар.
Барлық өнерпаздарға сәттілік тілейміз. Жүлделі орыннан көрінулеріне тілектеспіз!
Ғанибек Түсіпбек
574 всего, 3