FullSizeRender-03-02-18-02-49

Семей 02.02. «Semeyainasy» – Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев 10 қантар күні Қазақстан халқына жолдаған «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауында берілген міндеттерді орындау үшін бүкіл қоғамның бірлігі мен ынтымағы керек деген болатын. Елбасымыздың бастамасымен ел дамуы жолында көптеген құжаттар қабылданып, бағдарламалар жүзеге асырылуда: 2050 жылға дейінгі ұзақ мерзімді Даму стратегиясы, Ұлт жоспары – 100 нақты қадам, Рухани жаңғыру бағдарламасы жəне т.б.

Аталмыш Жолдаудағы негізгі бағаттар жөнінде «Нұр Отан» партиясының Семей қалалық филиалында бастауыш партия ұйымдарының төрағалары талқалау жұмыстарын жүргізді. Қатысушылардың айтуынша, Жолдаудағы адами капитал және жемқорлықпен күрес бағыттары маңызды рөл атқарады.

Капитал дегеніміз –  табыс әкелетін кез-келген құндылық.  Ал адами капитал – білімді жастар. «Адами капитал деген – адамның ойлау қабілеті. Өйткені бізде білімді жастар көп. Көп жастар мектеп бітірген соң қайда барасың деген сауалға Астана, Алматыға не болмаса шетелдерге барамын деп жауап беріп жатады. Мейлі Алматы, Астанаға барсын, бірақ шетелге кетпесін! Жастар – біздің келешегіміз. Сондықтан жастарымызға көңіл бөліп, балабақшадан бастап жақсы тәрбие беріп, елге қызмет жасайтындай жағдай жасасақ ,біздің экономикамыз да, саясатымыз да, ғылым, біліміміз де дамиды», -дейді саясаттанушы Қайрат Тастекеев.

Алға қойылған жоспарларды бірге жүзеге асырамыз! Болашақ білімді жастардың қолында.

 

Асель Қайырбекова

 464 всего,  3 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *