Облыс əкімі Даниал Ахметов ШҚО сүт өндірісін дамытудың
стратегиялық бағыттарын айқындады жəне Алматы қаласындағы
импорттық сүт өнімдеріне талдау жасауды тапсырды. Ондағы мақсат – қажетті жабдықтар сатып алып, отандық нарыққа шетелден
жеткізілетін тауар түрлерін Шығыста шығару.
Шығыс Қазақстан облысында сүт өндірісін ұлғайтудың негізгі əлеуеті
халықтан сүт сатып алу болып табылады. Мұны сүт фермалары мен
кооперативтер құру арқылы жасауға болады. – Егер тиімді жəне ашық сатып алу жүйесі болмаса, ешқашан сүт-
тауарлы пункттер, кооперативтер дамымайды. Төлем жоқ болса, неге сатып
аламыз, – деді ШҚО əкімі Даниал Ахметов. – Ауыл шаруашылығы
басқармасы алгоритм жасап, осыған байланысты ауыл əкімі,
ветеринарлардың не істеу керектігін нақтылау керек. Басқарма осы мəселеде
қадағалау функциясын атқаруы тиіс.
Халықты сүт өңдеу кəсіпорындарымен жəне сүт фермаларымен жұмыс
істеуге ынталандыру қажеттігі ауыл шаруашылығы басқармасының күн
тəртібінде тұрған өзекті мəселе. Сондай-ақ, аймақ басшысы субсидия бөлу
үрдісіне ерекше назар аудару қажеттігін де жеткізді. Өйткені, 4000 литр сүт
пен 20 литр сүт беретін екі түрлі сиыр үшін фермерлердің тең деңгейде
субсидия алуы əділетсіз. Алдағы таңда ШҚО сауылатын сүттің шекті
деңгейін бекітілмек, ал оны орындай алған фермер мемлекеттік қолдауға ие
болады. – Ілгері баспайтын істі неге субсидиялаймыз? Шекті деңгейді бекіту
керек. Мысалы, 4000 литрге жетті ме, сонда ғана облыстың субсидиялары
бөлінуі тиіс. Ал ауыл шаруашылығын басқармасы осы бағдарламаны
экономика басқармасында дəлелдеп, қорғауы керек, – деп тапсырды облыс
əкімі.
Кездесу қорытындысы бойынша аймақ басшысы 2018 жылы Қытайдың
экспорттық əлеуетіне назар аудару керектігін атап өтті. Сондай-ақ ірі сүт
фермаларын одан əрі дамытуды қолға алып, құрылысымен жəне қайта
құрумен айналысуды жүктеді. Басты мақсат – оларды заманауи жабдықтар жарақтандыру.
ШҚО əкімінің баспасөз қызметі
499 всего, 6