шульбинск

Кент әкімінің басты мақсаты 2016 жылға басты міндеті Елбасының «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсу, реформалар, даму» жолдауында және басқа да стратегиялық құжаттарда, мемлекеттік және салалық бағдарламаларда көзделген, елімізде жүргізіліп отырған ішкі және сыртқы саясаттың негізгі бағыттарын жүзеге асыру болып табылады.
ҚР Елбасының «Нұрлы жол» жолдауының үшінші бағытының аясында энергетикалық инфрақұрылымның дамуына көп көңіл бөлінеді, «АЭС Шульбинск СуЭС» ЖШС кенттің қалажасаушы кәсіпорыны болып табылады. 2016 жылы сағатына 1 987924, 1 мың кВт құрады.
ҚР Елбасының «Нұрлы жол» жолдауының төртінші бағытының аясында ТКШ және су мен жылумен қамтамасыз ету желілерінің инфрақұрылымдарын жаңғырту және кенттің тазарту қондырғыларын әзірлеу үшін, 2017 жылы несиелеу есебінің нысаналы трансферті арқылы ҚР ұлттық қорынан және республикалық бюджет есебінен Новобаженова ауылының жер асты және су құбыр желілерінің құрылысына сонымен қатар, Гидростроитель ықшам ауданында орналасқан қолданыстағы су құбырлары желілерін қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілмек.
Кенттің тұрғын-коммуналдық саласында 6 кәсіпорын жұмыс істейді. Көрсетілген қызметтердің көлемі – 81 246, 3 мың теңге. Жұмысшылар саны – 126 адамды құрайды.
Кентте құрылыс саласында 269 адам еңбек ететін 4 кәсіпорын жұмыс істейді. Кенттің 11 мемлекеттік және мемлекеттік-коммуналдық кәсіпорындарында 631 кент тұрғындары еңбек етеді.
– Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік қызметтер
«Шульбинск кентінің дәрігерлік амбулаториясы» КМКК жұмыс істейді. 2016 жылы – 10 230 адам медициналық көмек көрсетуге жүгінді. Күндізгі стационардан – 51 адам ем қабылдады.
– Білім беру жүйесі бойынша мемелекеттік қызметтер
Кентте екі мектеп жұмыс істейді. Екі мектептің оқушылар саны – 378 адам, шағын орталық – 70 адам, музыкалық мектеп – 74 адам, шығармашылық орталығына 274 адам қатысады.
Екі мектептің оқушылары 100% ыстық тамақпен қамтылды, соның ішінде демеушілердің қаражаты арқылы жанұя жағдайлары төмен отбасыларындағы 76 оқушы тегін тамақтандырылады.
Шағын және орта бизнес
42 шағын және орта бизнесте (34-ЖК, 8-ЖШС) 147 адам еңбек етеді.
2016 жылы Шульбинск кентінің шаруашылық субъектілерінің қызметінен бюджетке түскен жалпы қаржы соммасы – 2 млрд. 581 млн. 104 мың теңге. Ал
2016 жылы Шульбинск кентіне бюджеттен түскен қаржылық түсімнің жалпы соммасы – 1 624 067,6 мың теңгені құрады.
– Мәдениет және спорт.
«Шульбинск кентінің клубы» МКҚК қызметшілері 2016 жылы 100 аса мәдени іс-шаралар өткізді, алайда мәдениет ошағының мәселесі үнемі кент тұрғындарымен көтеріледі, бірақ шешілмеген күйінде қалады.
Кент тұрғындары үшін спортпен айналысуға спорттық алаңдар, спортзалдар, хоккей корты бар, 8 спорттық секциялар жұмыс істейді. 2016 жылы 15 жарыс өткізілді.
– Жергілікті өзін-өзі басқару
2016 жылдың қаңтар айында Шульбинск кентінде белсенді халықтың арасынан жергілікті қоғамдастық құрылды.
ЖӨБ бюджеті салықтың 6 түрлерінен құралады және2016 жылдың жедел деректер бойынша, фактіге сәйкес желтоқсанның аяғында қолма-қол ақша сомасы – 7773 мың теңгені құрады.
Соның ішінен мыналарға жұмсалды: 1. Кент клубына арналған музыкалық аппаратура жинағын сатып алу үшін – 825.0 мың теңге бөлінді. 2. Орта мектептің спорт залындағы терезе блоктарын орнату үшін – 1 640.0 мың теңге бөлінді.3. Парк ішіне саяжай орындықтарын орнату үшін – 1 190.0 мың теңге бөлінді.
– Құқықтық тәртіп.
Кент аймағында қылмыс істеу саны – 26, ашылғандары – 18, 72% құрайды. 2015 жылмен салыстырғанда қылмыстар саны 13 % азайды. Қылмыстын басты бөлігін ұрлық құрайды, 15 ұрлықтың 8 ашылды.
– Қоғамдық бірлестік.
2016 жылы жалғыз басты қарт адамдарға арнайы әлеуметтік көмек көрсету үшін «Асыл», «Исток» қоғамдық бірлестіктері және «Семей қаласының зейнеткерлерге әлеуметтік қызмет көрсету аумақтық орталық» арқылы 77 зейнеткерлерге сонымен қатар, мүгедек балаға қызмет көрсетіледі.

Шульбинск кентінің әкімі К. Байгужинов

 495 всего,  6 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *